Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран: «Израиль билігінің қоқан-лоққылары, арандатулары мен қаралау науқаны еліміздің ақиқат пен әділеттік жағындағы ұстанымын өзгерте алмайды», — деген сөзді қолданды.
Дуран «NSosyal» желісіндегі парақшасында Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың президент Режеп Тайып Ердоғанды және Түркияны нысанаға алған шектен шыққан сөздері Израильде жақындап қалған сайлау қарсаңында саяси тығырыққа тірелгенінің дәлелі екенін білдірді.
Түркияға бағытталған негізсіз айыптаулар Израиль билігінің Газадағы геноцидтік соғысы мен аймақта жүргізіп отырған агрессивті саясатын жасыра алмайтынын баса айтқан Дуран былай деп атап өтті: «Кацтың атысты тоқтату және бейбітшілік келіссөздеріне қатысушы тұлғаларды ашық түрде өліммен қорқытуы — Израиль билігінің халықаралық құқықты белден басатын түсінігінің жаңа көрінісі. Бұл жауапсыз көзқарас — халықаралық қоғамдастықты ашық түрде елемеу. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен Түркия Палестина халқының заңды құқықтарын, әділдікті және тұрақты бейбітшілікті қорғауды жалғастырады. Израиль билігінің қоқан-лоққылары, арандатулары мен қаралау науқандары еліміздің ақиқат пен әділеттік жағындағы ұстанымын өзгерте алмайды».























