Түркия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Мысыр бірлескен мәлімдеме жасап, хоуситтердің Сауд Арабиясына қарсы жалғасып жатқан шабуылдарын, соның ішінде Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайына жасалған шабуылды айыптады.
Төрт елден тұратын «R4» тобы жексенбі күні жариялаған мәлімдемесінде шабуыл салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жараланғанын, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылым мен нысандарға зақым келгенін атап өтті. Бұл әрекеттер халықаралық құқықты өрескел бұзу болып саналатыны баса айтылды.
Мәлімдемеде аталған шабуылдар Сауд Арабиясының егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзып, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың өміріне тікелей қатер төндіретіні айтылды.
Төрт ел бұл шабуылдарды ешқандай жағдайда ақтауға да, қабылдауға да болмайтын, шиеленісті одан әрі ушықтыратын қауіпті әрекеттер деп бағалады.
Сауд Арабиясына қолдау білдірген төрт ел БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес шабуылдарға тойтарыс беру, қауіп-қатердің алдын алу және мұндай шабуылдардың қайталануына жол бермеу мақсатында Эр-Рияд билігі қабылдайтын барлық заңды шараны толық қолдайтынын мәлімдеді.
Мәлімдемеде хоуситтердің шабуылдар үшін толық жауап беретіні атап өтілді.
«R4» тобы шабуылдарды дереу және ешқандай шартсыз тоқтатуды талап етті.




















