САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина Ресейге шабуылдады
Украинаның Арнайы операция күштері Ресейдің Ямал-Ненец автономиялық округіндегі екі нысанға дронмен соққы жасалғанын хабарлады. Дрондар 3 мың шақырымнан астам қашықтықтан ұшырылып, нысандарға соққы жасаған.
Украина Ресейге шабуылдады
Украина Ресейге шабуылдады

Украинаның Арнайы операция күштерінің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде кеше Ямал-Ненец автономиялық округіндегі Новый Уренгой және Пуровский газ конденсатын өңдеу зауыттарына шабуыл жасалғаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, дрондар нысандарға соққы беру үшін 3 мың шақырымнан астам қашықтықты еңсерген. Осылайша Украина күштерінің соғыс басталғалы бері Ресей аумағындағы нысандарға ең алыс қашықтықтан шабуыл жасағаны атап өтілді.

Украина президенті Владимир Зеленский де Арнайы операция күштерінің мәлімдемесін жариялап, «Осындай дәлдік пен алыс қашықтыққа соққы беру мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Ресейдің соғысына лайықты жауап беріп, оның салдарын Ресейдің өзі де сезінуі маңызды. Осындай әрбір соққы Ресейдің дипломатиялық шешімдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін азайтады», — деді.

Іздеу
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын