Палестинаның ресми “WAFA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің әскери ұшақтары Газа қаласындағы әз-Зейтун ауданында орналасқан бір үйді бомбалаған.
Хабарда аталған шабуыл салдарынан бірнеше бейбіт тұрғынның жараланғаны айтылды.
Сондай-ақ, Израильдің әскери ұшақтары Газа секторының әртүрлі ауданына әуеден соққы бергенін, сектордың солтүстігіндегі Газа қаласы мен әл-Фалука ауданында да тұрғын үйлердің бомбаланғаны хабарланды.
Хабарға сәйкес, әскери ұшақтар Газза секторының орталық бөлігіндегі әл-Бурейдж босқын лагерінде орналасқан бір үйді де бомбалаған. Сонымен қатар Израильдің Газа қаласындағы кейбір коммерциялық нысандарды да әуе шабуылдарымен нысанаға алғаны хабарланды.























