ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Косовоны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Түркия ұлттық футбол құрамасы өз тарихында үшінші рет Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысу құқығына ие болды. 2026 жылғы Әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
Түркия Косовоны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Түркия Косовоны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды / Reuters
10 сағат бұрын

Түркия плей-офф кезеңінде Косово құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Жеңіс голын 53-ші минутта Керем Актүркоглу соқты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз мәлімдемесінде «Біздің балалар» деген атпен танымал “А” ұлттық футбол құрамасын Әлем чемпионатының жолдамасын алуымен құттықтады.

Ердоған ұлттық құраманың 24 жылдан кейін футболдың ең ірі аренасында Түркияның намысын лайықты деңгейде қорғайтынына сенім білдіріп, «Біздің балалардың әдеттегідей ай-жұлдызды жейдемен жаңа жеңістерге жететініне, халқымыздың мерейін өсіретініне сеніміміз кәміл. Барлық спортшымыздың маңдайынан сүйемін», — деді. Сондай-ақ Ердоған құрамаға Австралия, Парагвай және АҚШ-пен өтетін топтық кезеңдегі матчтарда сәттілік тіледі.

Түркия Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне алғаш рет 1954 жылы қатысқан болатын, алайда ол кезде топтық кезеңнен аса алмады. Түркия финалдық кезеңге екінші рет Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен 2002 жылғы Әлем чемпионатында қатысты. Ол кезде түрік футболшылары үшінші орынды иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді.

Іздеу
Түркия Израильдің Шығыс Иерусалимдегі ғибадат шектемелерін айыптады
Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді
Суданда 14 бейбіт тұрғын қаза тапты
«Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз өткізуді  мәртебе санайды»
Ливандағы БҰҰ күштеріне шабуыл жасалды, бітімгер әскер қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Израиль полициясы Латын патриархын тоқтатты
Израильдің Газаға жасаған шабуылында бірі бала, барлығы 6 палестиналық қаза тапты
Президент Босния және Герцеговина Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Бечировичті қабылдады
Ливанның оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылынан үш журналист қаза тапты
Иранның шабуылында АҚШ-тың 12 сарбазы жараланды
2026 Стратегиялық коммуникация саммиті (STRATCOM) Стамбулда басталды
Ердоған: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйе заңдылық дағдарысын бастан кешіруде»
Пентагон Украинаға бөлінген әскери көмекті Таяу Шығысқа бағыттауы мүмкін
«Нетаньяху ешбір салада  жеңіске жетуді білмейді»