САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Бекаи: «Иран мен Түркия арасындағы қарым-қатынас барлық салада ерекше сипатқа ие».
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бекаи

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бекаи: «Иранның көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынасы жақсы», – деді.

Исмаил Бекаи Тегеранда өткен апталық баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бекаи АҚШ-тың экономикалық соғыстың ықпалын күшейту мақсатында Иранның сауда серіктестеріне қысым көрсетіп отырғанын және бұл қысымның әсерін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын да пайдаланатынын айтты.

«Иранның көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынасы жақсы. Көптеген мәселе бойынша, әсіресе Израиль режимінің үстемдік орнатуға ұмтылысына қатысты ортақ алаңдаушылықтарымыз бен ұқсас көзқарастарымыз бар. Дипломатиялық құрылым АҚШ-тың өз мақсаттарына жетуіне жол бермеу үшін күш салып жатыр», – деді Бекаи.

«Өңір елдеріне Йемен мәселесіне қатысты жағдайды шынайы бағалауға кеңес береміз»

Сауд Арабиясындағы мұнай құбырларына жасалған шабуылдарға қатысты сұраққа жауап берген Бекаи Иранның Йемендегі оқиғаларға араласпайтынын айтты.

«Иран Йемендегі мәселелерге араласпайды. Өңір елдеріне Йеменге қатысты жағдайды шынайы бағалауға кеңес береміз», – деді Бекаи.

«Сауд Арабиясы Оманда өтетін кездесуді кейінге шегеруді сұрады»

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидидің Ормуз бұғазына қатысты жоспарланған өңірлік кездесудің кейінге шегерілгенін хабарлауына байланысты: «Маскаттағы кездесуді кейінге қалдыруды Сауд Арабиясы сұрады», – деді.

Оман Сыртқы істер министрі кеше Иран мен араб елдері арасында Ормуз бұғазына қатысты 14 қыркүйекте өтуі тиіс өңірлік кездесудің кейінге қалдырылғанын мәлімдеген еді.

Іздеу
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Моди Путинге: "Қақтығыстарды шешудің жалғыз жолы - диалог"
Каллас Палестинадағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салуды қолдады
Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барды
Сирия АЭХА шешімін құптады
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді
Ағылшын дипломаттар туралы ақпарат жинаған "Украина тыңшысы" қамауға алынды
Украина Ресейге шабуылдады
Сирия Нетаньяхудың басып алынған Сирия аумағына баруын айыптады
Германия Ресейдің соғысты аяқтауға дайын екеніне қатысты белгі көрмейді
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді