САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Германия Ресейдің соғысты аяқтауға дайын екеніне қатысты белгі көрмейді
Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей үкіметі мен Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты аяқтау бойынша маңызды келіссөздерге дайын екендігіне қатысты белгілердің аз екенін мәлімдеді.
Германия Ресейдің соғысты аяқтауға дайын екеніне қатысты белгі көрмейді
Германия Ресейдің соғысты аяқтауға дайын екеніне қатысты белгі көрмейді

Германия канцлері Фридрих Мерц Германияның астанасы Берлинде Еуропалық Одақ (ЕО) Кеңесінің Төрағасы Антониу Коштамен кездесуінен кейін өткізілген бірлескен баспасөз конференциясында баяндама жасады.

АҚШ делегациясының Украинада келіссөз жүргізіп жатқанына назар аударған Мерц: «Қазіргі уақытта Ресей үкіметі мен Ресей президентінің соғысты аяқтау үшін маңызды келіссөзге дайын екендігіне қатысты белгілерді көріп тұрған жоқпыз», — деді.

Қолда бар мүмкіндіктермен бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешу үшін күш салып жатқандарын білдірген Мерц: «Дегенмен Ресей үкіметі диалогқа, келіссөздерге және дипломатиялық шешімге қатысты барлық ұсыныстарға өз есігін жауып отырғанда, бұл процестің жүзеге асу мүмкіндігін салыстырмалы түрде аз деп санаймын», — деп қосты.

Дипломатиялық шешім табуға бағытталған әрекеттерді жалғастыратындарын атап өткен Мерц Украинаға көрсетіліп жатқан барлық қолдау соғыстың созылуына емес, керісінше оның аяқталуына қызмет ететінін жеткізді.

Журналист сұрағына жауап бере отырып, Германияның Саксония-Анхальт жеріндегі парламент сайлауында жеңіске жеткен AfD («Германия үшін балама») партиясын жабу мүмкіндігін қарастыру төңірегіндегі пікірталастарға баға берген Мерц бұндай тыйым салу процесінің сәтті аяқталатынына күмәнмен қарайтынын білдірді.

«Бұл партияға тыйым салу арқылы мәселе шешіледі деп ойламаймын», — деген Мерц бұл жерде AfD-мен саяси тұрғыда күрес жүргізу бірінші орында болуы керектігін атап өтті.

«Кімде-кім Германияның ЕО-ға мүшелігіне күмән келтірсе, ЕО-дан, евроаймақтан және Шенген аймағынан шыққысы келсе, ол еліміздің әл-ауқатының елеулі бөлігіне қауіп төндіреді», — деген Мерц бұл себепті ЕО-ның дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын хабарлады.

«Соғыстың аяқталмауының жалғыз себебі — Ресейдің бұған дайын болмауы»

ЕО Кеңесінің Төрағасы Кошта да Украина соғысы басталғаннан бері әділ әрі тұрақты бейбітшілік үшін күресіп жатқандарын тілге тиек етіпғ «Соғыстың аяқталмауының жалғыз себебі — Ресейдің бұған дайын болмауы», — деді.

Ресейді соғысты аяқтауға, атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеуге және келіссөз үстеліне отыруға көндіру мақсатында жасалған барлық бастамаларды қолдайтындарын баса айтқан Кошта: «Бейбітшілік орнататын уақыт келді және Ресей соғысты тоқтатуы тиіс», — деді.

Кошта бұл бейбітшіліктің әділ әрі тұрақты болуы керектігін де сөзіне қосты.

Іздеу
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді