АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыста АҚШ-тың жеңіске жеткенін айтып, Ормуз бұғазының атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту керек екенін атап өтті.
Трамп сондай-ақ Вашингтон жеңіске жеткен жағдайда мұнай бағасы күрт төмендейтінін мәлімдеді.
Алдағы сайлауға қатысты идеологиялық сипаттағы мәлімдемелер жасаған АҚШ президенті саяси қарсыластары жеңіске жетсе, елдің коммунизмге бет бұру қаупі бар екенін айтып, жақтастарына ескерту жасады.
Сонымен қатар Трамп қараша айында республикашылдар АҚШ Конгресіндегі бақылауды сақтап қалса, әрбір кәмелетке толған америкалыққа 5 мың доллар төленетініне уәде берді.
Бұл төлемді «Трамп дивиденді» деп атаған АҚШ президенті жақтастарын өздері сайлауға түсіп жатқандай белсенді түрде дауыс беруге шақырды.

















