МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
АҚШ-та түрік симитіне қызығушылық артып келеді
«Анадолыдағылар» жобасының Нью-Йорктегі таныстырылымы симиттің Америка дүкен сөрелеріне жетуіне шабыт болды.
АҚШ-та түрік симитіне қызығушылық артып келеді
АҚШ-та түрік симитіне қызығушылық артып келеді / User Upload
1 Қазан 2025

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине Ердоғанның қолдауымен ұйымдастырылған

Емине Ердоғанның қамқорлығымен БҰҰ Бас Ассамблеясы аптасында Таймс-скверде және Түрік Үйінің алдында америкалықтарға ұсынылған симит пен шай үлкен қызығушылық тудырып, Анадолының бөлісу мәдениеті мен жылулығы мыңдаған адамға таныстырылған еді. Сол күні Нью-Йорк көшелерінде басталған таныстырылым бүгінде 50 штатқа таралған, 608 филиалы бар ірі желінің сөрелерінде жалғасын табуда.

Түрік ас мәдениетінің ең танымал өнімдерінің бірі саналатын симит дүкен желілерінің мұздатылған тағам бөлімінде дәл осы атаумен сатылып жатыр.

Түрік симитіне арнап дүкен дайындаған жарнамада «Түркия дәмдерін үйіңізде татқыңыз келсе, сізді түрік күнжіт наны — симитпен таныстырайық» деген жазу бар.

Жарнамада өнімді қалай пісіру және тұтыну керектігі туралы да толық ақпарат берілген. Яғни «Біздің симиттеріміз Анкара үлгісінде, шағын көлемде, ыңғайлы мөлшерде және қытырлақ құрылымға ие етіп өндірілді» делінген.

Симиттің түрік өнімі ретінде АҚШ нарығына қуатты азық-түлік желісі арқылы енуі түрік гастрономия әлемі үшін маңызды жетістік болып саналады.

Бұған дейін түрік кәсіпкерлері арқылы шағын көлемде АҚШ азық-түлік нарығына енген симиттің бұл жетістікпен ел көлеміне жайылып, танымалдығының арта түсуі күтілуде.

Таймс-скверде БҰҰ-ның 80-ші Бас Ассамблеясы апталығы аясында өткен іс-шарада алаңға жиналған америкалықтар симит пен шай таратуды қызығушылықпен қабылдап, түрік дәмдерімен қатар Анадолының бөлісу мәдениеті мен шынайылығын да сезіну мүмкіндігіне ие болған еді.

Таймс-сквердегі шара кеңінен талқыланып, алғаш рет татып көрген америкалықтар симитті «қатты ұнатқандарын» айтқан болатын.

Емине Ердоған сондай-ақ Түрік Үйінің жанында құрылған симит стендін аралап көріп, симиттің АҚШ-та кеңінен тұтынылатын bagel-ге бәсекелес екенін атап өткен еді.

Іздеу
Актер Мұхаммед Бакри өмірден өтті
Салеп— Османлыдан бері жалғасқан қысқы ертегі
TRT-мен бірлесіп түсірілген фильм «Оскар» тізіміне енді
Қысқа дайындық – түрік асханасының тарихи дәстүрі
Матисстің гравюралары ұрланды
«Параәлеуметтік» сөзі «Cambridge» сөздігі тарапынан жыл сөзі болып таңдалды
Түркияда 5 000 жылдық арпа дәндері табылды
Израильдік әртістер халықаралық бойкотта
Мысыр мұражайы 5000 жылдық тарихқа есік ашады
Осман Хамди Бейдің туындысы аукционға қойылды
«Талтүс» романы түрік тілінде жарық көрді
"TRT World" видеолары "Lovie Awards" финалына шықты
Гөбеклитепе жәдігерлері Германияда арнайы көрмеде көпшілікке ұсынылмақ
Брэд Питт пен Хоакин Феникс Газа туралы фильмнің продюсерлік құрамына енді
Ирландиялық "Fontaines DC" тобы Стамбулдағы алғашқы концертінде Палестинаға қолдау көрсетті
Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінде ән айтып, би билеуге рұқсат берді
Түркия Римде  мәдени қазыналарын ұсынады
Қажылыққа өзіммен бірге не алып барамын?
«TRT World» арнасы «Telly-2025» сыйлығын алды
Газалық ақын Мусаб Абу Тоха Пулитцер сыйлығын жеңіп алды