МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
"TRT World" видеолары "Lovie Awards" финалына шықты
Бұл марапат деректі фильм, анимация, монтаж, әлеуметтік контент және жаңалықтарды қамтиды. "TRT World" арнасының табысы ықпалды журналистикаға деген ұмтылысын көрсетеді.
"TRT World" видеолары "Lovie Awards" финалына шықты
"TRT World" видеолары "Lovie Awards" финалына шықты / TRT World

“TRT World” цифрлық командасының видеолары Еуропаның цифрлық медиа және әңгімелеу өнеріндегі үздіктерді марапаттайтын беделді “Lovie Awards” сыйлығында бес санат бойынша финалист ретінде ұсынылды.

Финалға жеткен бейнелер туралы мәліметтер:

Сирияның қорқынышты түрмелері – Жалпы видео / Жаңалықтар және саясат категориясында кандидат

Бұл материал Башар Асад құлап, елден қашып кеткеннен кейін Сирияның әйгілі түрмелеріндегі ащы шындықты ашады. Тірі қалғандардың естеліктері мен визуалды реконструкциялармен дайындалған материал азаптау, жоғалып кету және режимнің репрессиялық механизмдері туралы баяндайды.

Мына жерден дауыс беруге болады

Техно-Олигархия – Орындау және шеберлік / Үздік монтаж категориясында кандидат

Бұл материал бірнеше технология миллиардерінің біздің цифрлық өмірімізді бұрын-соңды болмағандай бақылаап отырғанын баяндайды.

Мына жерден дауыс беруге болады

Темір күмбез бұзылуы мүмкін бе? – Үздік анимация қолдану категориясында кандидат

Бұл визуалды тартымды видео әлемде ең көп талқыланған қорғаныс жүйелерінің бірі – Израильдің Темір күмбезін түсіндіреді. Жетілдірілген анимацияны пайдалана отырып, ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін, оның шектеулерін және дамып келе жатқан технологиялар мен тактикалар оны жеңе ала ма? деген сұрақтарды қарастырады.

Мына жерден дауыс беруге болады

Мұсылмандар: Голландиялық «Өзгелер» сериясы – Әлеуметтік контент сериялары және акциялар / Әртүрлілік, теңдік және инклюзия категориясында кандидат

“TRT World” арнасының цифрлық деректі фильмдер сериясының бір бөлігі болып табылатын бұл эпизод Нидерландтағы мұсылмандардың өмірін баяндайды.

Мына жерден дауыс беруге болады

Газа құстары: Барлық қиындықтарға қарамастан – Брендтік ойын-сауық / Деректі фильм категориясында кандидат

Бұл әсерлі қысқа деректі фильм “Газа құстары” паравелосипед командасының оқиғасын баяндайды.

Мына жерден дауыс беруге болады

Іздеу
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Трамп пен Шара телефон арқылы сөйлесті
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Сабиха Гөкчен әуежайы рекорд жаңартты
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Арда Гүлер Чемпиондар лигасының ең жарқын ойыншысы атанды
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Хормозган байланыс мұнарасына жасалған шабуылдан кейін Иран Кувейттегі АҚШ әуе базасына соққы берді
Киев Ресейдің құбырын және мұнай қоймасын бомбалағанын мәлімдеді
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады