МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Брэд Питт пен Хоакин Феникс Газа туралы фильмнің продюсерлік құрамына енді
Брэд Питт, Хоакин Феникс пен Руни Мара Газа қаласында Израиль шабуылынан қаза тапқан алты жасар Хинд Раджабтың өмірін баяндайтын Каутер Бен Ханияның фильмінің атқарушы продюсерлер құрамына енді.
Брэд Питт пен Хоакин Феникс Газа туралы фильмнің продюсерлік құрамына енді
/ AP

Голливудтың танымал жұлдыздары Брэд Питт, Хоакин Феникс, Руни Мара, Джонатан Глейзер және Альфонсо Куарон Каутер Бен Ханияның «Хинд Раджабтың жанайқайы» (The Voice of Hind Rajab) атты фильміне атқарушы продюсер ретінде қатысуда. Бұл құрам 3 қыркүйекте Венеция кинофестивалінде өтетін әлемдік премьерадан бұрын әлімнің назарына ілікті.

Фильм 2024 жылдың қаңтар айында отбасымен бірге Газадан қашпақ болған кезде Израиль әскері оқ жаудырған көлік ішінен Қызыл Жарты ай еріктілеріне қоңырау шалған алты жасар Хиндтің өлім алдындағы өмірін бейнелейді. Кейіннен Хиндтің жансыз денесі табылған болатын. Фильмде құтқарушылар жетуге тырысқан сәттегі Хиндтің шарасыз телефон қоңырауының аудиожазбалары қолданылады.

Израиль сол уақытта аймақта әскер болмағанын айтcа да, «The Washington Post» пен «Sky News»-тің зерттеулері өңірде Израиль танктерінің болғанын дәлелдеді. «Al Jazeera» отбасының көлігінен 335 оқ ізі анықталғанын хабарлады.

Былтыр «Four Daughters» фильмімен «Оскарға» ұсынылған Бен Хания: «Бір балақайдың көмегіне жауап бермейтін әлемді қабылдай алмаймын. Кино – есте сақтау қабілетін дамытып, ұмытшақтықтың алдын алады. Хинд Раджабтың жанайқайы естілсін!», - деді.

Фильмнің басты продюсерлері - Надим Шейхруха (Mime/Tanit Films), Одесса Рэй (RaeFilm Studios) және Джеймс Уилсон (JW Films). «The Party Film Sales» фильмнің Еуропада көрсетілуін қамтамасыз етсе, «CAA Media Finance» Солтүстік Америкаға таралуын қолға алды.

Венециядағы премьера Газа соғысы фестивальдің басты тақырыбына айналған кезде өтпек.

82-ші Венеция кинофестивалі осы апта Голливуд жұлдыздарының дәстүрлі қызыл кілем шеруімен ашылды. Газадағы геноцид қызыл кілемнің де, фестивальдің де басты мәселесі болды. Палестинаны қолдаушы белсенділер Лидо аралында жиналып, Израиль қырғынын тоқтатуға шақырды. Кинематографтар мен әртістер палестиналықтардың қасіретіне назар аударды.

 

Іздеу
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Трамп пен Шара телефон арқылы сөйлесті
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Сабиха Гөкчен әуежайы рекорд жаңартты
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Арда Гүлер Чемпиондар лигасының ең жарқын ойыншысы атанды
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Хормозган байланыс мұнарасына жасалған шабуылдан кейін Иран Кувейттегі АҚШ әуе базасына соққы берді
Киев Ресейдің құбырын және мұнай қоймасын бомбалағанын мәлімдеді
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады