МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Майкл Б. Джордан "Үздік актер", Джесси Бакли "Үздік актриса" марапаттарын алды
"One Battle After Another" "Үздік фильм” марапатын жеңіп алды, ал "Sentimental Value" (Норвегия) “Үздік шетелдік фильм” жүлдесіне ие болды.
Майкл Б. Джордан "Үздік актер", Джесси Бакли "Үздік актриса" марапаттарын алды
Майкл Б. Джордан "Үздік актер", Джесси Бакли "Үздік актриса" марапаттарын алды / AP

Вампирлер нәсілі туралы ертегіні баяндайтын "Sinners " фильмінде нағыз зұлымдықпен бетпе-бет келген егіздерді сомдаған рөлі үшін Майкл Б. Джордан «Үздік актер» Оскар сыйлығын алды.

Тимоти Шаламе ("Marty Supreme"), Леонардо Ди Каприо ("One Battle After Another"), Вагнер Моура ("The Secret Agent") және Итан Хоук ("Blue Moon") секілді актерларды артта қалдырған Джордан сахнаға шығып марапатты қабылдау сөзін сөйлеп режиссер Райан Куглерге өз алғысын білдірді.

Ирландиялық актриса Джесси Бакли «Hamnet» фильміндегі рөлін әсерлі сомдағаны үшін «Үздік актриса» Оскарын жеңіп алды.

Джесси Бакли өз бәсекелестері – Роуз Байн («If I Had Legs I’d Kick You»), Ренате Рейнсве («Sentimental Value»), Эмма Стоун («Bugonia») және Кейт Хадсонды («Song Sung Blue») артта қалдырды.

98-ші Оскар сыйлықтары кезінде режиссер Пол Томас Андерсон «One Battle After Another» фильмі үшін «Үздік режиссер» марапатын жеңіп алды.

Голливудтың тәжірибелі актеры Шон Пенн «One Battle After Another» фильмінде офицер рөлін сомдағаны үшін үшінші рет Оскар сыйлығын алды.

«Weapons» фильмінде зұлым кейіпкерді сомдаған Эми Мэдиган "Екінші пландағы үздік актриса" марапаты бойынша Оскарға лайық деп танылды.

«One Battle After Another» фильмі «Үздік фильм» марапатын жеңіп алса, Норвегияда түсірілген «Sentimental Value» «Үздік халықаралық фильм» жүлдесіне ие болды.

Режиссер Райан Куглер «Sinners» фильмі үшін «Үздік түпнұсқа сценарий» марапатын алды.Ал Пол Томас Андерсон «One Battle After Another» арқылы «Үздік бейімделген сценарий» жүлдесін жеңіп алды.

Іздеу
Ұлттық барлау басшысы Калын Керкүк қаласына барды
Министр Фидан Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда
Еуроодақ төрағалығы Ирландияға өтті
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды
Түркияның баскетболдан ерлер құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі
Анкара саммиті қарсаңында Рютте Түркияның НАТО-дағы маңызын атап өтті
«TİKA» Венесуэлаға  гуманитарлық көмек  жіберді
Түркия Карачидегі лаңкестік шабуылды қатаң айыптады
Грекияда орман өртінен қаза тапқандар саны 2-ге жетті
АҚШ пен Иран 6 млрд долларлық активтер бойынша келіссөздерді қайта бастайды
Түркия президенті: «Мыңжылдық тарихымыз әділдік пен мейірімге негізделген»
Түркия мен ЕО теміржол жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда
Ибраһим Калын Анкарада мысырлық әріптесімен кездесті
Газада қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты