ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Трамп Нетаньяхудың Түркияға «F-35» сатуға қарсылығына жауап берді
«Ешкім бізге кімге не сатып, не сатпауымыз керектігін айта алмайды. Түркия – біздің ең ірі одақтасымыз».
Трамп Нетаньяхудың Түркияға «F-35» сатуға қарсылығына жауап берді
Дональд Трамп: «Түркия – біздің үлкен одақтасымыз»

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-тың Түркияға «F-35» жойғыш ұшақтарын сатуына қарсылығына қатысты: «Ешкім маған кімге не сатуымыз, не сатпауымыз керектігін айта алмайды. Түркия – біздің ең ірі одақтасымыз», – деп мәлімдеді.

Дональд Трамп Вашингтоннан Мичиганға барар жолда журналистердің күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Трамп Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың Түркияға «F-35» жойғыш ұшақтарын сатуға қарсы екенін еске салған тілшінің сауалына жауап берді.

АҚШ президенті: «Түркия мен үшін тамаша одақтас. Президент Режеп Тайып Ердоған – менің досым. Ешкім маған кімге не сатуымыз, не сатпауымыз керектігін айта алмайды. Түркия – біздің ең ірі одақтасымыз», – деді.

Түркия мен Израиль арасындағы келіспеушіліктердің баршаға белгілі екенін айтқан Трамп НАТО саммитіне байланысты Анкараға жасаған сапарының өте жақсы өткенін атап өтті.

«Түркия – керемет әрі өте қуатты мемлекет. Оның тамаша, ауқымды әрі қуатты армиясы бар. Сондай-ақ олар көптеген озық әскери техникаға ие», – деді Трамп.

Іздеу
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады