Бахрейнде дабыл сиреналары қосылғаннан кейін тұрғындарға сабыр сақтап, ең жақын қауіпсіз жерге бару ескертілді.
Бахрейн Ішкі істер министрлігінің «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде елде дабыл сиреналары іске қосылғаны хабарланды. Министрлік тұрғындарды сабыр сақтауға және ең жақын қауіпсіз аймаққа баруға шақырды.
Кувейт армиясы да Иранның ел аумағын зымыран және дрондармен нысанаға алғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде Ираннан ұшырылған зымырандар мен дрондарды залалсыздандыру үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылғаны айтылды.
Ел аумағында естілуі мүмкін жарылыс дыбыстары әуе қорғаныс жүйелерінің қауіптің бетін қайтару әрекеттерінен туындағаны түсіндірілді. Тұрғындарға өкілетті органдардың қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын орындау ескертілді.
Иран АҚШ шабуылдарына жауап ретінде бір аптадан астам уақыт бойы Парсы шығанағы елдеріне зымыран және дрондармен шабуыл жасап келеді.
Кувейт пен Бахрейнді қоса алғанда, Парсы шығанағындағы бірқатар араб елдері соңғы күндері әуе қорғаныс жүйелері Иран тарапынан жасалған әуе шабуылдарына тосқауыл қойғанын хабарлады.























