Израиль күштері Сирияның егемендігін бұзып, ел аумағында кезекті әскери операция жүргізді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жұма күні Израильдің тоғыз әскери көлігі Сирияның оңтүстігіндегі Дараа уәлаятының ауылдық аймағына кірген.
Сирияның «Әл-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, әскери көліктер Ракад аңғары аймағына кірген. Алайда олардың кейінгі қозғалысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді.
Дараа ауылдық аймағындағы Ярмук алабында орналасқан Ракад аңғары соңғы айларда Израиль күштерінің әскери әрекеттері жиі тіркелетін аумақтардың біріне айналды.
Бұл оқиға ̶ 2024 жылдың 8 желтоқсанында Башар Асад билігі құлағаннан кейін Сирияның оңтүстігінде қалыптасқан ауқымды жағдайдың бір бөлігі. Сол кезде Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің күшін жойып, Сириядағы буферлік аймақ пен басқа да аумақтарды бақылауына алған еді.
Дамаск билігі 1974 жылғы келісімді ұстанатынын бірнеше рет қайталап, Израильден басып алған аумақтардан шығуды және 2024 жылдың 8 желтоқсанға дейінгі позицияларына кері шегінуді талап етті.





















