Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берген Кремль өкілі Дмитрий Песков саммит қарсаңында Ресейге бағытталып «текетірестік» және «агрессивті» мәлімдемелердің жасалғанына назар аударды.
Песков: «АҚШ әкімшілігімен байланысымыз жалғасуда, бейбітшілікті қамтамасыз ету бағытындағы күш-жігердің нәтижелі болуын үміт етеміз», — деді.
Анкара әлем көшбасшыларын қабылдауда
Президент Режеп Тайып Ердоған 36-шы НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция президенті Эммануэль Макрон, Финляндия президенті Александр Стубб, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Kaнада премьер-министрі Марк Карни, Албания премьер-министрі Эди Рама, Болгария премьер-министрі Румен Радев, Черногория премьер-министрі Милойко Спаич және НАТО Бас хатшысы Рюттемен қатар Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта сияқты жетекшілермен кездесулер өткізеді.
Украинаны қолдаудың болашағы да талқыланатын саммитте одақтастардың қорғаныс шығындары мен қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін арттыру бойынша міндеттемелер алуы күтілуде.

















