Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Қазақстан Украинаның Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытына жасаған дрон шабуылынан кейін Қарашығанақ мұнай-газ кен орнындағы газ өндірісін қысқартты.
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты

Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кен орнындағы өндіріс тәулігіне шамамен 25 пайыз қысқартылып, 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға азайғанын мәлімдеді.

2024 жылы тәулігіне шамамен 263 мың баррель мұнай өндірген кен орны өнімін Каспий құбыр консорциумы арқылы Қаратеңіз порттарына немесе Ресейдің Германияға дейін созылатын «Дружба» құбыры арқылы экспорттайды.

Сондай-ақ кен орны Ресейдегі Орынбор зауытына өңделмеген газ жеткізеді.

Қарашығанақ жобасының акционерлері қатарында «Chevron» мен «Shell», сондай-ақ италиялық «Eni», ресейлік «Лукойл» және қазақстандық «ҚазМұнайГаз» бар.

Украина Ресейдегі мұнай-газ нысандарына шабуыл жасау арқылы Ресейдің қаржыландыру мүмкіндігін шектеуді көздеп отыр.

Министр Ақкенженов Ресейдің Қазақстаннан ресми түрде жанармай сұрамағанын мәлімдеді.

Бұған дейін төрт дереккөз «Reuters» агенттігіне мұнай өңдеу зауыттарындағы іркілістер мен жоспардан тыс жөндеу жұмыстары салдарынан ішкі нарықта жеткізілім мәселесіне тап болған Ресей Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна «АИ-92» дизель отынын алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты