Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі Рас-Танурада құлаған тікұшақтағы 14 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.
Сауд Арабиясының мемлекеттік “SPA” ақпарат агенттігінің мәліметінше, мұнай алыбы “Aramco”-ға тиесілі тікұшақ жексенбі күні Ормуз бұғазының батысында, Сауд Арабиясының шығыс жағалауындағы Рас-Танурада құлаған.
“SPA” агенттігі оқиғаның себептерін анықтау үшін тиісті мекемелердің қатысуымен тергеу басталғанын, ал апаттың нақты себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.
“Aramco” шамамен төрт айға созылған үзілістен кейін жұма күні Рас-Танура терминалында шикі мұнай тиеу жұмыстарын қайта бастаған болатын.
Парсы шығанағының Сауд Арабиясы жағалауында орналасқан Рас-Танура — елдің ең маңызды мұнай өңдеу және экспорт орталықтарының бірі.












