Израильдік радикалдардың басып алынған Батыс Шерияда орналасқан мешітті өртегенін бейнетаспаға түсіріп, шындықты әлем жұртшылығына жеткізбек болған «TRT Haber» телеарнасының түсірілім тобына кедергі жасалды.
Қарулы Израиль күштері тікелей эфирге араласып, хабар таратуға тосқауыл қойды.
Үш әскери көлікпен айналаны қоршауға алған радикал израильдіктер «TRT Haber» тілшісі мен операторын оқиға орнынан күштеп алыстатты.
Бұл оқиға Израильдің журналистерге қысым жасап, олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруына тосқауыл қойып отырғанын тағы бір рет көрсетті.


























