ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Арабия түбегіндегі жағдай бізді қатты алаңдатып отыр»
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бекаи

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бекаи Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуді қолдайтынын мәлімдеді.

Исмаил Бекаи ел астанасы Тегеранда өткен апталық баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Арабия түбегіндегі оқиғаларға қатты алаңдаушылық білдірген Бекаи: «Біз Йемен халқының қоршаусыз өмір сүруге құқығы бар екенін айттық. Сондай-ақ шиеленісті диалог арқылы шешуге көмектесуге дайын екенімізді білдірдік. Йемен мәселесі бұған дейін келіссөздер арқылы шешілуі тиіс еді. Бұрын арнайы жол картасы әзірленген болатын, алайда ол жүзеге асырылмады. Біз сол кезде-ақ шиеленістің күшеюі мүмкін екенін ескерткенбіз. Біздің талабымыз – қалыптасқан жағдайды диалог пен өзара келісім арқылы реттеу», – деді.

Бекаи Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздерге де тоқталды.

«Иран мен АҚШ араағайын елдер арқылы хабар алмасуды жалғастырып жатыр. Пәкістан мен Катар араағайын болуды жалғастыруда. Біз АҚШ көтерген мәселелерді әлі де қарастырып жатырмыз. Бұл жұмыс аяқталған соң жауабымызды араағайын елдер арқылы жеткіземіз. АҚШ экономикалық қысымын жалғастырған сайын Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікке қатысты тұрақсыздық сақталады», – деді.

Іздеу
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр
Түркия мен Қытай спутниктік технологиялар бойынша келісімге қол қойды
Мексикада түрмеде бүлік шығып, 10 адам қаза тапты
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркияның автомобиль экспортының 73 пайызы ЕО елдеріне бағытталған
Газада толыққанды жұмыс істейтін бірде-бір аурухана қалмады
АҚШ-тың Иранмен соғыстағы әуе техникасы шығыны есептелді
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін