ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Жаһандық нарық инвесторлардың АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітімді қуана қабылдауы мен энергияға қатысты қысымның азаюымен тұрақтана бастады.
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты / Reuters

Сәрсенбі күні мұнай бағасы күрт төмендеді, ал акциялар АҚШ пен Иран арасында Тегеранның стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты уақытша қайта ашуға бағытталған екі апталық бітімге келуінен кейін артты.

Дональд Трамп су жолын қайта ашу үшін Иранға берген мерзімнің аяқталуына жақындағанда, «жойып жіберу» қаупін еске салып, соққыларды екі аптаға тоқтатқанын және өзіне 10 тармақтан тұратын ұсыныс түскенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”

Иран кейінірек әлемдік мұнай мен газдың бестен бірі өтетін Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуге келісім бергенін мәлімдеді.

Бұл жаңалық мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті. «West Texas Intermediate» шамамен 20 пайызға арзандаса, «Brent» бағасы 16 пайызға дейін төмендеді. Бес аптадан астам уақытқа созылған және жеткізілімдерге елеулі соққы берген қақтығыстан кейін инвесторлар еңсесін тіктеді.

Бұл серпін бір айдан астам уақыт бойы жаһандық экономиканы шайқалтқан дағдарыстың аяқталуына деген үмітпен акциялардың жедел өсуіне себеп болды.

Сеул индексі 6 пайыз, Токио 5 пайыздан жоғары, Тайбэй 4,2 пайыз көтерілді. Сидней мен Гонконг 2 пайыздан астам өсім көрсетті. Сондай-ақ Шанхай, Мумбай, Бангкок, Манила, Джакарта, Сингапур және Веллингтон нарығы да айтарлықтай өсті.

Бұған дейін Дональд Трамп «Ормуз бұғазы қайта ашылмаса, бүкіл өркениет бір түнде жойылуы мүмкін» деп ескерткен еді. Ал Иран Вашингтон шектен шығатын болса, АҚШ пен оның одақтастарын жылдар бойы мұнай мен газдан айыратынын мәлімдеген.

Алайда АҚШ президенті әлеуметтік желіде: «Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз ашуға келіссе, Иранға қарсы бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтатуға келісемін», – деп жазды.

Трамп сондай-ақ бұл екіжақты бітім болатынын, барлық әскери мақсатқа қол жеткізілгенін, Иранмен ұзақ мерзімді бейбіт келісімге жақындағандарын және Таяу Шығыста бейбітшілік орнай бастағанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді

Азия нарығы тұрақтанды

Шахбаз Шариф араағайындық арқылы бітімнің дереу басталатынын мәлімдеді.

Шариф Америка Құрама Штаттары одақтастарымен бірге Ливанды қоса алғанда, барлық жерде бітімге келісім бергенін айтып, Израильдің солтүстіктегі көршісіне қатысты әскери әрекеттерін тоқтатуға дайын екенін меңзеді.

Алайда Тель-Авив Иранға қарсы әуе соққыларын тоқтатуды қолдайтынын, бірақ бітімнің Ливанды қамтымайтынын хабарлады.

Ал Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі: «Жау Иран халқына қарсы жүргізген қорқақ, заңсыз әрі қылмыстық соғыста даусыз, тарихи және күйретуші жеңіліске ұшырады», – деп мәлімдеді.

Бітім сонымен қатар доллардың күрт құлдырауына әкелді, ал иен, еуро және фунт артты.

Бұған дейін инфляцияның күрт өсуі және пайыздық мөлшерлемелердің жоғары деңгейде сақталуы мүмкін деген алаңдаушылықтан қысым көрген алтын қалпына келді, ал биткойн да артты.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті