Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздікті үйлестіру кеңесін құру жөнінде ұсыныс жасағанын хабарлады.
Ирак премьер-министрінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Қасым әл-Араджи мемлекеттік «Әл-Иракия» телеарнасына берген сұхбатында Бағдадтың Тегеран мен Эр-Риядқа қатысты жаңа дипломатиялық бастамасы туралы айтты.
Әл-Араджи Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, «Біз екі елге ортақ қауіпсіздікті үйлестіру кеңесін құруды ұсындық. Екі ел арасындағы негізгі мәселе — өзара сенім дағдарысы», — деді.
Ол ұсыныстың егжей-тегжейін ашып айтқан жоқ. Ал Иран мен Сауд Арабиясының ресми өкілдері бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасамады.


















