Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғары сот органдарының төрағаларын қабылдады.
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің жоғары сот органдарының төрағаларын Ақордада қабылдады. Кездесуге Түркиядан Жоғарғы сот төрағасы Өмер Керкез бен Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигит, сондай-ақ Әзербайжан Жоғарғы сотының төрағасы Инам Керимов, Қырғызстан Жоғарғы сотының төрағасы Медербек Сатыев және Өзбекстан Жоғарғы соты төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Османов қатысты.

ТМҰ Жоғары соттарының 2-ші конференциясы аясында өткен қабылдауда Тоқаев ТМҰ-ның түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын баса айтты. Мүше елдер арасында, әсіресе сот және құқық қорғау салаларындағы іс-қимылдың барған сайын нығайып келе жатқанын атап өткен Тоқаев Түркістан қаласында өтетін конференцияның осының айқын дәлелі екенін жеткізді.

Сот жүйесі елдердің дамуы мен өркендеуі үшін стратегиялық маңызға ие екенін білдірген Тоқаев жоғары соттар арасындағы байланыстарды тереңдету бауырлас халықтардың ортақ мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Цифрлық трансформация процесіне де назар аударған Тоқаев бұл салада елдердің бірлесе әрекет етуі қажеттігін баса айтты.

Конференцияда сот жүйесін цифрландыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау және өзекті құқықтық мәселелер талқыланатынын мәлімдеген Тоқаев пікір алмасу ТМҰ-ның дамуына және халықаралық беделінің артуына үлес қосатынын білдірді. Қазақстанның ТМҰ аясындағы сындарлы бастамаларды қолдауды жалғастыра беретінін де жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркия Жоғарғы сотының төрағасы Керкез бен Мемлекеттік кеңес төрағасы Йигитпен жеке-жеке кездесу өткізді. Керкез ТМҰ Жоғары соттар бірлестігінің негізі 2023 жылы Шушада қаланғанын, ал бірлестіктің 2024 жылы Анталияда ресми мәртебе алғанын еске салды. Йигит болса бұл жиынның түркі мемлекеттері арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.

Іздеу
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Ұлттық құрама Сан-Хоседе жаттығу өткізді
Ресей Киевке шабуыл жасады
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Президент Ердоған елшілердің сенім грамоталарын қабылдады
Лос-Анджелесте Әлем кубогының қызығы: "Turkish Vibe Zone" есігін ашты!
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы ДАИШ жетекшілерінің бірін ұстады
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Президент Ердоған Испания Конституциялық соты төрағасының орынбасары Уэртасты қабылдады
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Президент Ердоған патриарх Варфоломейді қабылдады
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді