ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Министр Фидан: "Көптеген Еуропа елі жиналыстың біздің президентіміздің қонақжайлығымен Түркияда өтетіні Трамптың саммитке қатысуын мүмкін ететін ең маңызды фактор деп айтады. Біздің Президентіміз болмаса, Түркия болмаса, Трамп келмес еді", - деді.
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан (REUTERS)

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкарада 7-8 шілдеде өтетін НАТО саммитіне қатысты: « Өте маңызды мәселелер бар және оларды АҚШ президенті қатыспайтын жиында шешу мүмкін емес. Көптеген Еуропа елі бұл жиынның Құрметті Президентіміздің қожайындық етуімен Түркияда өтуі президент Трамптың саммитке қатысуын қамтамасыз ететін ең маңызды фактор екенін айтуда», — деді.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресейге жасаған сапары барысында түрік баспасөзіне күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты баға берді.

Ресейдегі кездесулері екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелерде бірлесіп жұмыс істеу тұрғысынан ешқандай қиындықтың және үлкен наразылық тудыратын түйткілдердің жоқ екенін көрсеткенін жеткізген Фидан екі елдің де мүмкін болған әр салада ынтымақтастық орнатқысы келетінін айтты.

Ресей-Украина соғысы және келіссөздердегі ұстаным

Министр Фидан «Ресейде өткізген кездесулерімде Ресей ресми өкілдерінің Украинаға қатысты көзқарастарының өзгермегенін байқадым. Олар: "Донецк мәселесі шешілмейінше, бейбітшілік орнау мүмкіндігі жоқ", — дейді», — деген мәлімдеме жасады.

Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия

Сапары барысында Оңтүстік Кавказда «3+3 механизмін» іске қосу бойынша келісімге келгендерін және бұл Түркия, Ресей, Әзербайжан, Иран, Армения және Грузия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан өте маңызды механизм екенін баса айтқан Фидан сөзін былай деп жалғастырды:

«Біз аймақ елдері ретінде мынаны көре білуіміз керек; бәсекелестік пен үстемдік орнатуға ұмтылудың орнына ынтымақтастықты алдыңғы қатарға шығаруымыз қажет. Бұл түсініктің Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында белгілі бір деңгейге жетіп жатқанын көріп отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияда экономикамызды нығайтып, тұрақтылықты арттыра аламыз. Үстемдік орнатуға тырысуды тоқтату керек. Бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылық бәріміздің мүддемізге сай келеді. Түсінігімізді өзгертуіміз қажет».

Армениямен қалыпқа келтіру процесі

Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесіне де тоқталған Фидан Пашинян үкіметінің өте маңызды қадам басқанын айтып, президент Режеп Тайып Ердоғанның саяси ерік-жігерімен тікелей сауда және ұшақ рейстерін қоса алғанда, көптеген маңызды қадамның басылғанын түсіндірді.

Фидан жаңа кезеңде жасалуы керек істердің белгілі екенін айтып, «Біз сол шарттар орындалған кезде, қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге дайынбыз», — деді.

АҚШ-Иран келісімі

Фидан АҚШ-Иран келісіміне қатысты қазіргі таңда техникалық топтардың өзара пысықтауы керек мәселелер бар екенін атап өтті.

Ядролық досьеде 2 маңызды жайттың бар екенін, қағида тұрғысынан келісімге қол жеткізілгенімен, егжей-тегжейлердің талқылануы керектігін білдірген Фидан мыналарды атап өтті:

«Біріншісі, байытылған уран не болады? Екіншісі, бұдан былайғы байыту мораторийі қалай жүзеге асырылады? Мысалы 400 килограмдық байытылған уранды Иранда сұйылту (концентрациясын төмендету) туралы қағидалық түсіністік бар. Бірақ бұл сұйылтуды кім жасайды, кім бақылайды, қалай "расталады" (верификацияланады), соларды талқылау керек. Осы мәселелер талқыланатын болады».

Израильдің аймақтағы агрессивті және экспансиялық саясаты

Израильдің агрессивті ұстанымы бүкіл әлемнің проблемасына айналғанына назар аударған Фидан бұның тек қана Түркияның мәселесі еместігін баса айтты.

Фидан: «Израиль аймақта күйреу болғанын қалайды. Кейбір елдерді басып алғысы, террор қолданғысы келеді. Бұның жаһандық деңгейде қауіпсіздік тұрғысынан, сондай-ақ экономикалық салада салдары бар. Израильдің барған сайын көбірек дипломатиялық қарсылыққа тап болып жатқанын көріп отырмыз. Бұл дипломатиялық қарсылықтың нәтиже беруін және аймағымыздағы барлық елдердің бейбітшілік, тұрақтылық пен бақ-берекеде өмір сүруін үміт етеміз», — деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО саммиті қарсаңында Анкарада жаңа әуежай ашылды
Іздеу
Президент Ердоған Испания Конституциялық соты төрағасының орынбасары Уэртасты қабылдады
Президент Ердоған патриарх Варфоломейді қабылдады
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді
Жасанды интеллект алаяқтығы 442 млрд доллар шығын келтірді
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Кония қаласына НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі орналастырылады
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды
Түркия Сыртқы істер министрі Ресейде Лавровпен кездесті
Министр Фидан: "АҚШ-Иран келісімі үздіксіз орындалуы тиіс"
Ресей: “Киевпен ресми байланыс арнасымыз жоқ”
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресейде
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Түркия бауыр трансплантациясы бойынша әлемдік орталыққа айналды
Әуе қорғанысы үшін 780 миллион еуро көлемінде келісім жасалды