Түркия Республикасы Президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран өзінің “NSosyal” парақшасында Вонгтың 19 маусымда Түркияға жұмыс сапарымен келетінін мәлімдеді.
Сапар аясында Түркия мен Сингапур арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе сауда және инвестиция салалары жан-жақты қарастырылатынын баса айтқан Дуран ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін басылуы мүмкін қадамдардың талқыланатынын атап өтті.
Дуран кездесулер барысында аймақтық және жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасылатынын білдірді.



















