Пәкістан премьер-министрі кеңсесінің “X” әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде: «Пәкістан премьер-министрі Шариф Исламабад меморандумына делдал ретінде қол қойды», – делінген.
Бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкиан мен АҚШ президенті Дональд Трамп та меморандумдарға қағаз және электронды форматта қол қойған болатын.
Иран мен АҚШ арасындағы келісім
Иран мен АҚШ Пәкістанның арағайындығымен жүргізілген келіссөз аясында 14 маусымда соғысты тоқтату және тараптар арасындағы мәселелерді келіссөз арқылы шешуді көздейтін 14 тармақтан тұратын келісімге келгендерін жариялаған еді.
«Исламабад меморандумы» деп аталған құжат 18 маусымда Иран президенті Масуд Пезешкиан мен АҚШ президенті Дональд Трамптың электронды түрде қол қоюынан кейін күшіне енді.
Меморандумда Ливанды қоса алғанда соғысты тоқтату, Ормуз бұғазын ашу, АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасын алып тастау секілді тармақтар қамтылған.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін тараптар түпкілікті келісімге қол жеткізу үшін Иранның ядролық бағдарламасы мен санкцияларды алып тастау мәселелерін қамтитын 60 күндік келіссөз кезеңін жақын уақытта бастайды деп болжануда.














