ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі президент Ердоғанның төрағалығымен жиналады. Жиналыстың басты күн тәртібі АҚШ пен Иран арасындағы келісім, Шығыс Жерорта теңізіндегі оқиғалар және Террорсыз Түркия үдерісі болмақ.
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі президент Ердоғанның төрағалығымен биыл үшінші рет тығыз күн тәртібімен жиналады. Бештепеде өтетін отырыстың ең маңызды тақырыбы — АҚШ-Иран бейбітшілігі.

Соғыс басталған 28 ақпаннан бері тұрақты бейбітшілік орнату үшін белсенді түрде дипломатиялық күш салып келе жатқан Анкара Таяу Шығыстағы оқиғаларды жіті бақылап отыр.

Отырыста Вашингтон-Тегеран бағытындағы келісімнің іс жүзінде толық орындалуы және келіссөздер процесінің сәтті аяқталуы үшін атқарылатын жұмыстар талқыланады.

АҚШ-Иран келісіміне қатысты арандатушылық мәлімдемелер жасаған Израильдің Палестина мен Ливанға бағытталған шабуылдары сөз болады.

Шығыс Жерорта теңізінде басылатын қамдамдар

Шығыс Жерорта теңізі мен әсіресе Кипрдегі арандатушылықтар да Кеңес күн тәртібінде болады.

Генноцид жасаушы Израильмен жақындасқан Кипрдің грек әкімшілігінің Франциямен әскери келісімге қол қоюын «Аралда тұтандырылатын іріткі алауы» деп санайтын Түркия аймақтағы жағдайды жіті қадағалауда.

Жиында Түркия мен Кипр түрік халқының құқықтары мен мүдделерін қорғау тұрғысынан жасалатын іс-шаралар талқыланады.

Терроризмнен ада Түркия мақсаты да кеңестің күн тәртібінде. Мемлекеттің тиісті мекемелері террорлық ұйымды ыдырату процесін жеделдететін түрлі әдістер бойынша жұмысын жалғастыруда.

Отырыста Сирия мен Ирактағы оқиғалар да қаралады.

Қауіпсіздік кеңесі жиналысында Ресей-Украина соғысы мен 7-8 шілдеде өтетін НАТО саммитіне дайындық мәселелері де талқыланады деп жоспарланды.

Іздеу
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Ұлттық құрама Сан-Хоседе жаттығу өткізді
Ресей Киевке шабуыл жасады
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Президент Ердоған елшілердің сенім грамоталарын қабылдады
Лос-Анджелесте Әлем кубогының қызығы: "Turkish Vibe Zone" есігін ашты!
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы ДАИШ жетекшілерінің бірін ұстады
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Президент Ердоған Испания Конституциялық соты төрағасының орынбасары Уэртасты қабылдады
Министр Юмаклы: «Түркияны көгалдандыруды жалғастырамыз»
Президент Ердоған патриарх Варфоломейді қабылдады
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді