ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Таяу Шығыстағы қақтығыстың энергетикалық инфрақұрылымға келтірген залалын қалпына келтіру құны 58 миллиард долларға дейін жетуі ықтимал.
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
“Rystad Energy” Таяу Шығыстағы соғыстың энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін екенін білдірді.. / Reuters

“Rystad Energy” жариялаған есепке сәйкес, Таяу Шығыстағы қақтығыстың энергетикалық инфрақұрылымға келтірген залалын қалпына келтіру құны 58 миллиард долларға дейін жетуі ықтимал. Бұл соманың 50 миллиард долларға дейінгі бөлігі тек мұнай мен табиғи газ нысандарына тиесілі.

Rystad Energyаға сарапшысы Каран Сатвани: «Қалпына келтіру жұмыстары жаңа қуат көздерін құрмайды. Ол қолда бар қуатты басқа бағытқа бұрады, ал мұндай әрекеттің әсері Таяу Шығыстан әлдеқайда тыс жерлерде де жобалардың кешігуі мен инфляция түрінде сезіледі», — деді.

Rystad Energyжалпы жөндеу шығындарының орта есеппен 46 миллиард доллар деңгейінде болуы ықтимал екенін, ал күрделілік пен зақым көлеміне байланысты ең үлкен үлес мұнай өңдеу және мұнай-химия нысандарында болатынын атап өтті.

Есепке сәйкес, өнеркәсіп, электр энергиясын өндіру және теңіз суын тұщыландыру нысандарындағы залал да жалпы шығынға қосымша 3 миллиардтан 8 миллиард долларға дейін үстеме әкелуі мүмкін.

Ең ауқымды залал Иранда тіркелгені, мұнда жөндеу құны 19 миллиард долларға жетуі мүмкін екені және табиғи газ өңдеу, мұнай өңдеу мен экспорт инфрақұрылымының зардап шеккені айтылды.

Ал Катардағы әсердің көлемі бұдан аз болғанымен, әсіресе Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығындағы жөндеу жұмыстары сұйытылған табиғи газ өндірісін кеңейту жөніндегі қазіргі жобалармен қабаттасуы мүмкін екені хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыс дағдарысы энергетика нарығын шайқады
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті