ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ғарыш саласындағы маңызды мәселелер талқыланып, әлемнің түкпір-түкпірінен ғарыш саласы мамандары жиналатын 77-Халықаралық ғарыш конгресі басталды.
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
 

Халықаралық астронавтика федерациясы («IAF») ұйымдастырған конгресс Өнеркәсіп және технология министрлігінің үйлестіруімен, Түркия ғарыш агенттігі («TUA») мен «SAHA İstanbul» ұйымының бірлескен қабылдауымен Анталиядағы «NEST» конгресс орталығында өтіп жатыр.

Іс-шара ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану қағидаты негізінде «The World Needs More Space» тақырыбымен ұйымдастырылды.

Конгрестің ресми ашылу салтанаты президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен сағат 14:30-да өтеді.

108 елден 6 мың 893 делегат пен қатысушы тіркелген конгресте ғарыш саласындағы өзекті мәселелер қарастырылады.

Конгреске халықаралық ұйымдар мен ғарыш агенттіктерінің өкілдері, сондай-ақ сала мамандары қатысады.

Іс-шара аясында отырыстар, ғылыми баяндамалар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Жұма күні конгресс барлық қонаққа үшін ашық болады

2026 жылғы Халықаралық ғарыш конгресінде («IAC») алғаш рет ұйымдастырылатын «Future Space» алаңында жаңа буын ғарыш технологиялары, симуляциялар және интерактивті тәжірибелер таныстырылады.

Анадолының бай мәдени мұрасын танытатын «Анадолы мұрасы» көрмесі де жергілікті және шетелдік қонақтардың назарына ұсынылады.

Конгресс аясында ертең өтетін «IAF» Жаһандық ғарыш көшбасшылары саммитіне 40-тан астам елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысады.

Конгресс 9 қазан жұма күні «Халық күні» іс-шараларымен аяқталады.

Өткен жылы Австралияның Сидней қаласында өткен бұл іс-шара келесі жылы Польшаның Познань қаласында ұйымдастырылады.

9 қазанға дейін жалғасатын конгресс 1951 жылы құрылған және 82 елден 604 мүшесі бар Халықаралық астронавтика федерациясының («IAF») серіктестігімен өткізіліп отыр.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»