Түркияның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі, автобус, жүк көліктері мен брондалған әскери техника өндіретін «Оtokar автомобиль жасау және қорғаныс өнеркәсібі» акционерлік компаниясы әскери көліктерді жеткізуге қатысты жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.
Компанияның мәлімдемесінде әртүрлі үлгідегі брондалған көліктерді жеткізу және оларға кешенді логистикалық қолдау көрсету бойынша жалпы құны 1 миллиард 472 миллион 80 мың 360 долларлық экспорттық келісімшартқа қол қойылғаны айтылды.
Мәлімдемеге сәйкес, келісімшарт тиісті мемлекеттік органдардың рұқсаты алынып, банктік кепілдік рәсімдері аяқталып, алдын ала төлем жасалғаннан кейін күшіне енеді. Компания келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға және алдын ала төлемге кепілдік ретінде тапсырыс берушіге жалпы сомасы 441 миллион 624 мың 108 доллар болатын банктік кепілдік хаттарын ұсынады.
Брондалған көліктерді жеткізу 2027 жылы басталып, үш жыл ішінде кезең-кезеңімен аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал келісімшарт жеті жыл бойы күшінде болады.






















