7–8 шілде күндері Анкарада өтетін 2026 жылғы НАТО саммиті Түркияның одақ ішінде артқан дипломатиялық рөлінің көрінісі ретінде бағаланып отыр.
Түркияның самиттегі мақсаттарының бірі — НАТО-ның Еуро-Атлантика аймағын қорғауға деген табандылығын атап өту және одақтас елдердің НАТО шартының 5-бабына адалдығын қайта растауына ықпал ету.
Түркияның НАТО-ға мүше болуына түрткі болған басты себеп — бұрынғы Кеңес Одағының Түрік бұғаздары мен Түркияның шығыс аймақтарына қатысты талаптарынан туған қауіпке қарсы тепе-теңдік орнату қажеттігі еді.
АҚШ-тан кейін Кореяға құрлық әскерін жіберген алғашқы ел болған Түркия 1952 жылы НАТО-ға қабылданды.
Жаһандық міндеттерге тұрақты қолдау
Одақтағы екінші ең ірі армияға ие Түркия осы уақытқа дейін Ауғанстан, Косово, Босния және Герцеговина, Ливия және Ирак сияқты елдердегі НАТО миссияларына үлес қосты.
Түркия Ауғанстандағы «Табанды қолдау миссиясы» аясында Кабулдағы Хамид Карзай халықаралық әуежайының қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жетекші ел міндетін атқарған еді.
Сонымен қатар Түркия 2018 жылы Ирактағы НАТО миссиясына 40 қызметкер жіберіп, бұл қолдауды осы жылдың наурыз айына дейін жалғастырды.
НАТО-ның жалғасып жатқан операцияларына да қолдау көрсетіп отырған Түркия «Теңіз күзетшісі» операциясы мен тұрақты теңіз тапсырма топтарын қоса алғанда, қазіргі уақытта одаққа шамамен 3 000 әскери қызметкерімен үлес қосуда.
Түрік Қарулы күштері 2023 жылы НАТО-ның 34, 2024 жылы 39, ал 2025 жылы 50 оқу-жаттығуына қатысты.
Түркия биыл Германияда өткен НАТО-ның «Steadfast Dart» оқу-жаттығуына 2 000-нан астам әскери қызметкерден тұратын бірлескен күшпен қатысты. Жаттығу барысында түрік әскери-теңіз күштерінің «TCG Anadolu» кемесінен ұшырылған «TB-3» қарулы ұшқышсыз ұшу аппараты Балтық теңізі үстінде белгіленген нысананы дәл көздеп, алғаш рет осындай жетістікке қол жеткізді.
Қорғаныс шығындары
Түркия 2023 жылдан бері екінші рет «KFOR» күштеріне қолбасшылық етті.
НАТО-ға мүше 32 елдің ішінде Түрік Әскери-теңіз күштері ̶ «Теңіз күзетшісі» операциясына ең ауқымды үлес қосып отырған күштердің бірі.
Түркияның жоғары дайындықтағы теңіз күші «TURMARFOR» 2023 жылы НАТО Жедел әрекет ету күштерінің теңіз құрамдас бөлігі қолбасшылығын, 2024–2025 жылдары Жерорта теңізі тапсырма күші қолбасшылығын басқаруды қабылдады.
Түркияның НАТО-дағы рөлі қауіпсіздікті белсенді түрде қамтамасыз ету ұстанымына негізделеді.
Түркияның соңғы жылдардағы маңызды қорғаныс технологиялары саналатын «Болат күмбез», «KAAN» және «Altay» сияқты жобалары одақтың технологиялық басымдығын күшейтіп отыр.
2025 жылы Түркия жалпы ішкі өнімінің 2,33 пайызын қорғанысқа бөлді. Ал 2028 жылдан бастап НАТО Одақтастардың әрекет ету күштеріне жетекшілік ететін болады.





















