Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздерден алынған мәліметке сәйкес, Хакан Фидан сапар аясындағы кездесулерінде Түркия мен БАӘ арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңестің екінші отырысына дайындық барысын қарастырмақ.
Кездесулер барысында Фидан Түркияның Парсы шығанағындағы соғыстан ең көп зардап шеккен елдердің бірі саналатын БАӘ-мен толық ынтымақтастықты растамақ. Сонымен қатар ол аймаққа сырттан араласудың қақтығыстардың созылмалы сипат алуына әкелетініне және осыған байланысты аймақтық жауапкершілік қағидатын нығайту қажеттігіне назар аудармақ.
Министр Фидан Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздарында кеме қатынасы еркіндігін қамтамасыз етудің аймақтық және жаһандық тұрақтылық үшін маңызын атап өтпек. Сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған біртұтас Йеменнің Таяу Шығыс қауіпсіздігі үшін де аса маңызды екенін мәлімдемек.
Фидан Газада Бейбітшілік жоспарының екінші кезеңіне көшу, гуманитарлық жағдайды жақсарту және қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажеттігін атап өтпек. Осы тұрғыда екі ел де құрылтайшы мүшелері қатарында тұрған Бейбітшілік кеңесінің жұмысы жөнінде консультациялар өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Хакан Фидан «Израильдің» шабуылдары жағдайында Газа мен Ливандағы атысты тоқтату режимін сақтау және оны тұрақты ету үшін халықаралық қоғамдастықтың батыл әрі бірлескен ұстанымының маңызын атап өтпек.
Министр Фидан БАӘ-ге соңғы рет 20 наурызда сапармен барған еді.
Екіжақты қатынастар
Түркия мен БАӘ арасында 2023 жылдан бері стратегиялық серіктестік орнаған.
Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңестің алғашқы отырысы 2025 жылғы 16 шілдеде ел басшылары деңгейінде ел астанасы Анкарада өткен еді.
БАӘ — Түркияға ең көп инвестиция салатын Парсы шығанағы елі әрі Түркияның Парсы шығанағындағы ең ірі сауда серіктесі.
Екі ел арасындағы сауда көлемі 2025 жылы 19 миллиард 346 миллион доллар болды.






















