ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен АҚШ ядролық энергетика саласында жаңа келісімге қол қойды
Түркия мен АҚШ арасында ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Түркия мен АҚШ  ядролық энергетика саласында жаңа келісімге қол қойды
Энергетика министрі Алпарслан Байрактар Нью-Йоркте TUNAS басшысы Неджати Ямач және USTDA өкілі Томас Хардимен қол қою рәсіміне қатысуда. (AA)

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, жаңа атом электр станциялары жобаларын әзірлеуге жауапты Түркия ядролық энергетика акционерлік қоғамы (TÜNAŞ) мен АҚШ Сауда және даму агенттігі (USTDA) бірлескен жоба әзірлейді.

Нью-Йоркте Түркия мен АҚШ арасында ядролық энергетика саласындағы жаңа ынтымақтастықтың негізі қаланды. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясына аясында АҚШ- қа сапарлай барған болатын. TÜNAŞ пен USTDA арасында жобаға негізделген келісімге қол қойылды. Түрік үйінде өткен қол қою рәсіміне Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар қатысты. Келісімге TÜNAŞ бас директоры Нежати Ямач пен USTDA директорының орынбасары Томас Харди қол қойды.

Келісім аясында АҚШ-тың 4 компаниясы әзірлеген шағын модульдік реакторлардың (SMR) жобалары және америкалық компаниялардың төртінші буындағы реакторларға арналған 5 түрлі жобасы техникалық, экономикалық, заңнамалық және лицензиялау тұрғысынан қарастырылады.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Nsosyal” парақшасында осы мәселеге қатысты жазбасында АҚШ-тағы кездесулер аясында TÜNAŞ пен USTDA арасында шағын модульдік реакторлар мен төртінші буындағы реакторларға қатысты гранттық келісімге қол қою рәсіміне қатысқандарын айтып, былай деді:

«Осы келісімнің арқасында жаңа буындағы ядролық технологияларды елімізде қолданудың техникалық, экономикалық және заңнамалық тұрғыдан қаншалықты мүмкін екенін жан-жақты зерттейміз. 2053 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу және энергетика саласында толық тәуелсіздікке ие болу мақсаттарымызға сәйкес, энергетикалық қоржынымызды әртараптандыруға бекем бел будық. Ірі атом электр станцияларымен қатар еліміздің қажеттіліктеріне барынша сай келетін баламаларды мұқият зерттеп, қуатты әрі заманауи энергетикалық инфрақұрылым құруды табандылықпен жалғастырамыз».

Байрактар өткен жылдың 25 қыркүйегінде президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ақ Үйде өткен кездесуінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен бірге Стратегиялық азаматтық ядролық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін