САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Трамп: «Маған үнемі өтірік айтты», – деді.
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Трамп келіссөздерге қатысты Иранға сенбейтінін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтып, «Иранға сенетін ең соңғы адам – мен. Олар маған үнемі өтірік айтты», – деді.

Дональд Трамп Огайодан Вашингтонға қайтар жолда күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Трамп Иран келіссөздер барысында АҚШ тарапын бірнеше рет «алдады» деп мәлімдеп, осы үдерісте Тегеранға сенбейтінін жеткізді.

АҚШ президенті: «Мен Иранға сенбеймін. Неліктен мен Иранға сенетіндей сөйлеп отырсыздар? Иранға сенетін ең соңғы адам – мен. Олар маған үнемі өтірік айтты», – деді.

Трамп Ормуз бұғазының толықтай АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бақылауында екенін алға тартып, «Қазір Ормуз бұғазы толығымен біздің бақылауымызда. Бақылау олардың қолында емес, бәрі біздің бақылауымызда. Ол – біздікі», – деді.

«Менен басқа ұшақпен ұшуды сұрады»

Сонымен қатар Трамп өткен айда НАТО саммитінен кейін Түркиядан аттанар кезде Құпия қызмет қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарға байланысты оған басқа ұшақпен ұшуды ұсынғаны жөніндегі ақпаратты растады.

Бұл туралы қойылған сұраққа Трамп: «Бұл толығымен Құпия қызметке байланысты. Мен олардың айтқанын ғана орындаймын. Сондықтан Құпия қызмет пен әскерлердің нұсқауын басшылыққа аламын. Олар менен басқа ұшақпен ұшуды сұрады. Бұл қауіпсіздік үшін сенімді нұсқа еді», – деп жауап берді.

Өзіне түрлі қауіп төнетінін айтқан Трамп: «Олар менен осылай әрекет етуді сұрады, мен де орындадым. Не айтса, соны істеймін. Бір қауіп болған деп ойлаймын. Бұл жөнінде көп сұрақ қойған жоқпын. Маған өте көп қоқан-лоқы жасалады», – деді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты