Пәкістандық дереккөздер АҚШ пен Иранның 17 тамызда мерзімі аяқталатын Исламабад келісімі аясында атысты тоқтату мерзімін ұзарту жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді.
Анадолы агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Пәкістан үкіметінің өкілдері АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату режимін ұзарту мәселесіне қатысты ақпарат берді.
Дереккөздердің айтуынша, АҚШ пен Иран 17 тамызда аяқталатын келісім аясындағы 60 күндік атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келіскен.
Келіссөз үдерісіне жақын дереккөз тараптардың мерзімді ұзартуға келісім бергенін араағайын елдерге жеткізгенін айтты. Атысты тоқтату режимінің қанша уақытқа ұзартылатыны жөніндегі келіссөздер әлі жалғасуда.
28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуыл жасауымен басталған соғысты тоқтату мақсатында Вашингтон мен Тегеран 17 маусымда Исламабад келісіміне қол қойған еді. Келісім бойынша түпкілікті уағдаластыққа қол жеткізу үшін 60 күндік келіссөз кезеңі қарастырылған.





















