Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ішкі істер министрлерінің 3-отырысында Интерпол мен Еурополға ұқсас «TÜRKPOL» ұйымын құру ұсынғанылғанын білдірді.
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи Ерзурумда.

Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ішкі істер министрлерінің 3-отырысында қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен іс-қимыл мүмкіндігін арттыру мақсатында Интерпол мен Еурополға ұқсас «TÜRKPOL» ұйымын құру ұсынғанылғанын білдірді.

Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде Күлтегін ескерткішіне 1300 жыл бұрын қашалған «Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген ұстанымды бүгінде де жалғастырып келе жатқандарын атап өтті.

Чифтчи: «Халықтарымыздың тыныштығы үшін мойнымыздағы жауапкершілікті сезіне отырып еңбек етіп келеміз», - деді.

Қазақстанда өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымы Ішкі істер министрлерінің 3-отырысы туралы ақпарат берген Чифтчи түркі мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік пен қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды мәселелердің талқыланғанын айтты.

Ол өздері ұсынған Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі кеңес құру бастамасының бірлескен мәлімдемеге енгізілгенін атап өтті. Чифтчидің айтуынша, бұл кеңес жаңа буындағы қылмыстық ұйымдарға, терроризмге, есірткіге, заңсыз көші-қонға, заңсыз бәс тігу мен құмар ойындарға байланысты қылмыстарға қарсы күрестегі ортақ мүмкіндіктерді күшейтеді.

Чифтчи сөзін былай жалғастырды: «Келесі айда Анкарада президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымы көшбасшыларының саммитінде Кеңестің құрылтай келісіміне қол қоюды мақсат етіп отырмыз».

Интерпол мен Еурополға ұқсас құрылым құруды көздейтіндерін айтқан Чифтчи түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» атауымен ортақ ұйым құруды ұсынғанын мәлімдеді.

Чифтчи бұл ұсынысты жиынға қатысқан Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның ішкі істер министрлері де өте оң қабылдағанын жеткізді.

Іздеу
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Солтүстік Корея АҚШ-тың кибершабуылға қатысты айыптауына жауап берді
АҚШ-та сайлау басталды
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды