САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
Иран президенті Пезешкиан оқиғалардың бүкіл аймаққа қауіп төндіріп тұрғанын баса айтты.
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»

Иран президенті Масуд Пезешкиан Вашингтон әкімшілігі уақытша келісімдегі міндеттемелерін орындаған жағдайда Тегеранның да оған сәйкес жауап беретінін мәлімдеді.

Иран Президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Пезешкиан Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Мемлекет басшылары саммитінде аймақтағы соңғы оқиғаларға қатысты сөз сөйледі.

Пезешкиан АҚШ-тың 28 ақпаннан бері өз еліне қарсы бағытталған шабуылдарын «ШЫҰ мүшесіне және көне өркениетке жасалған шабуыл» деп сипаттады.

Пәкістан мен Катардың дәнекерлігімен 3 айға жуық уақытқа созылған келіссөздерден кейін маусым айында «Исламабад өзара түсіністік меморандумы» ретінде белгілі келісімге қол жеткізілгенін еске салған Пезешкиан Вашингтон әкімшілігінің өз міндеттемелерін бұзғанына шағымданды.

АҚШ-тың өз президенті қол қойған бұл құжатқа адалдығы 2 аптадан аз уақытқа созылғанын, содан кейін бұл елдің шектен тыс талаптар қоя бастағанын тілге тиек еткен Иран президенті АҚШ міндеттемелерін бұзған соң Иранның «жауап» бергенін айтты.

Пезешкиан: «Егер АҚШ өз міндеттемелеріне оралса, Иран Ислам Республикасы да дереу тиісті қадамды басады», — деді.

«Оқиғалар бүкіл аймаққа қауіп төндіруде»

Иран президенті Пезешкиан Иран, Ливан, Газа және Иордан өзенінің батыс жағалауында соңғы кезеңде болған оқиғалар халықаралық құқық нормаларының елеусіз қалуының, сондай-ақ күш пен қысымға негізделген ұстанымдарды жалғастырудың тек аталған аймақтардың қауіпсіздігіне ғана емес, бүкіл өңір мен әлемнің тұрақтылығына қауіп төндіретінін атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды
Президент Ердоған Қырғызстанда
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты
Түрік Қарулы Күштері мен Сирия армиясы Евфрат өзеніне қалқымалы көпір салды
Президент Ердоған Шанхай саммитіне қатысады
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейді: MQ-9 дроны атып түсірілді
Гирне маңында аударылған кемеден 237 адам құтқарылды, 7 адам қаза тапты
Си, Путин және Моди Бішкекте кездеседі: Еуразия көшбасшылары ШЫҰ саммиті үшін Қырғызстанда