САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Украина президенті Ресей аумағында 8 мыңнан астам Солтүстік Корея әскери қызметкері орналасқанын айтып, тағы 10 мың сарбазды жіберуге дайындық белсенді түрде жүріп жатқанын мәлімдеді.
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Владимир Зеленский. / AP

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей аумағында 8 мыңнан астам Солтүстік Корея әскери қызметкері орналасқанын айтып, тағы 10 мың сарбазды жіберуге дайындық белсенді түрде жүріп жатқанын мәлімдеді.

Пхеньян мен Мәскеу арасындағы әскери ықпалдастыққа қатысты «жаңа деректерге» сілтеме жасаған Зеленский Солтүстік Кореяның қосымша әскери бөлімдері «дайындықтан өтіп, кейін Ресейге жіберу үшін іріктелгенін» айтты.

Бұл мәлімдеме Украина басшысының тамыз айында жасаған ескертуінен кейін айтылды. Ол сол кезде Солтүстік Кореяның 50 мыңға жуық әскери қызметкері Ресей армиясы жағында соғысу үшін жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін Киев Оңтүстік Кореяны әуе қорғанысы саласында қолдау көрсетуге шақырған болатын.

Сеул шілде айында Украинаға құны 100 миллион доллар болатын, қару-жараққа жатпайтын материалдардан тұратын көмек пакетін беруге уәде еткен еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: «Түркияның үшжақты бейбітшілік саммитін өткізу бастамасын қолдаймыз»

Пхеньянның қару-жарақ қоры

Зеленскийдің бұл мәлімдемесі Украина күштері тұтқынға алған екі Солтүстік Корея сарбазының Оңтүстік Кореяға жеткізілгенін өткен аптада жариялағаннан кейін Сеул мен Киев арасында туындаған дипломатиялық шиеленістен соң айтылды.

Оңтүстік Корея үкіметі екі елдің де сарбаздарды жеткізу ісін құпия ұстауға өзара келіскенін мәлімдеп, бұл ақпараттың көпшілікке жария етілгеніне өкініш білдірді.

Украина мен Оңтүстік Корея барлау қызметтерінің мәліметінше, Солтүстік Корея 2024 жылдан бері Ресейдің Украинадағы әскери іс-қимылдарын қолдау мақсатында шамамен 14 мыңнан 15 мыңға дейін әскери қызметкер жіберген.

Іздеу
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Түркиялық гимнаст Ферхат Арыджан Париждегі жарыста чемпион атанды
Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 14-ке жетті
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Ресей Түркиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Түркия Қазақстанға көңіл айтты
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуде
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
Түрік әуе жолдары 150-ге дейін «Boeing 737 MAX» ұшағына тапсырыс берді
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Зеленский: «Түркияның үшжақты бейбітшілік саммитін өткізу бастамасын қолдаймыз»
Түркия құрамасы Ұлттар лигасын Францияға қарсы матчпен бастайды