Терең оқыту (Deep Learning) саласының дамуына елеулі үлес қосқан британдық және канадалық ғалым Джеффри Хинтон жасанды интеллект туралы мәлімдеме жасады.
Жасанды интеллект салдарынан болашақта туындауы мүмкін дағдарыстарды Чернобыль апатымен салыстырған Хинтон “The Guardian” басылымына берген сұқбатында электр желілерін немесе қаржы инфрақұрылымын бір апта бойы істен шығаратын шабуыл болуы мүмкін екенін айтты.
Ғалым адамзаттың технологияның қауіп-қатерлерін басқара алатыны немесе алмайтыны алдағы 10 жыл ішінде белгілі болатынын айтып, олай болмаған жағдайда жаппай жұмыссыздық пен қоғамдағы алауыздық белең алатынын атап өтті.

Технология компанияларының басшыларына сын
Хинтон саладағы жетекші компаниялардың басшыларын сынға алып, қауіпсіздікке төнетін қатерлердің ескерусіз қалып жатқанын айтты.
Хинтон жасанды интеллект модельдері нарыққа шығарылмас бұрын фармацевтика саласындағыдай, тәуелсіз ұйымдар тарапынан қатаң сынақтан өткізілуі қажет екенін мәлімдеді.























