ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Франция орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен елдерге алғыс айтты
Түркия Франциядағы орман өрттерімен күресу үшін екі өрт сөндіру ұшағын жіберген болатын.
Франция орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен  елдерге алғыс айтты
Түркия Франциядағы орман өрттерімен күресу үшін екі өрт сөндіру ұшағын бөлген болатын.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро өз еліндегі орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен Түркияны қоса алғанда көптеген елге алғыс білдіретіндерін айтты.

Барро “X” әлеуметтік медиа платформасындағы парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Франция биыл бұрын-соңды болмаған ауқымдағы орман өрттерімен бетпе-бет келіп отыр», — деген сөздерді қолданды.

Орман өрттерімен күрес бойынша құрлықтағы және әуедегі мүмкіндіктерін француз құтқару топтарының жанына жіберген Түркия, Германия, Австралия, Бельгия, Хорватия, Литва, Люксембург, Португалия, Чехия, Румыния, Сербия, Словакия, Швеция, Швейцария, Украина және Еуропа Одағына алғыс айтқан Барро: «Өртпен күрес үшін өз көмегін ұсынған барлық елдерге ерекше ризашылығымды білдіремін», — деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Францияға өрт сөндіру ұшақтарын жіберді

Түркия Франциядағы орман өрттерімен күрес үшін екі өрт сөндіру ұшағын жіберген болатын.

Франция президенті Эммануэль Макрон “X” әлеуметтік медиа платформасындағы парақшасында Түркия жіберген 2 өрт сөндіру ұшағы туралы түрік тілінде және Түркия туын қоса жариялаған жазбасында: «Рақмет, Түркия», — деген сөзді қолданған еді.

Тарихындағы ең ауыр өрт маусымын бастан кешіріп жатқан Францияда биыл 117 мың гектардан астам алқап зардап шегіп, 4 өрт сөндіруші қаза тапты.

Іздеу
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді