Филиппиннің оңтүстігіндегі орта мектепте жасалған қарулы шабуылдан алдын ала мәліметтер бойынша 4 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.
Ұлттық тергеу бюросы (NBI) таратқан мәлімдемеде елдің оңтүстігіндегі Замбоанга қаласындағы орта мектепте сабақ басталмай тұрып атыс болғаны айтылды.
Мәлімдемеде мектепке тапаншамен кірген шабуылшының жоғары сынып оқушысы екені шамаланып отырғаны атап өтілді.
Алғашқы деректерге қарағанда, шабуыл салдарынан 2 оқушы мен 2 күзетші қаза тауып, 9 адам жараланған. Сонымен бірге қылмыстың себебі мен мектептегі ықтимал қауіпсіздік олқылықтарын анықтау үшін тергеу амалдары басталғаны хабарланды.
Филиппин президенті Фердинанд Маркос-кіші қауіпсіздік құрылымдарына шабуылға қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Маркос сондай-ақ уәкілетті органдардан мектептермен және жергілікті қауымдастықтармен тығыз ынтымақтаса отырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды күшейтуді талап етті.
Елде маусым айында да Сан-Хосе ұлттық орта мектебінде қарулы шабуыл болып, салдарынан 3 оқушы қаза тауып, 5 оқушы жараланған болатын. Полиция шабуылға қатысы бар күдіктілердің бірі осы мектептің оқушысы екенін хабарлаған еді.






















