ТҮРКИЯ
4 ... минут оқылды
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
"15 шілде тек қана опасыз төңкеріс әрекетінің сәтсіздікке ұшыраған түні емес, халқымыздың еркіне, демократиясына және тәуелсіздігіне жанын пида етіп, тарихқа алтын әріптермен жазылған үлкен демократия жеңісі болып табылады".
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы

Президент Режеп Тайып Ердоған: «15 шілде тек қана опасыз төңкеріс әрекетінің сәтсіздікке ұшыраған түні емес, халқымыздың еркіне, демократиясына және тәуелсіздігіне жанын пида етіп, тарихқа алтын әріптермен жазылған үлкен демократия жеңісі болып табылады», — деген мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған 15 шілде — Демократия және ұлттық бірлік күніне орай «15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы» атты мақала жазды.

Газеттерде жарияланған мақаласын Ердоған: «Тарихтың ағынын өзгерткен тұтас бір халық өз тәуелсіздігі мен болашағы үшін жанын пида етіп күрескен сол бір сұмдық түннің өткеніне тура он жыл толды», — деген сөздермен бастап, былай деді:

«15 шілде тек қана опасыз төңкеріс әрекетінің сәтсіздікке ұшыраған түні емес, халқымыздың еркіне, демократиясына және тәуелсіздігіне жанын пида етіп, тарихқа алтын әріптермен жазылған үлкен демократия жеңісі. Сол түні біздің текті халқымыз Отанымызды басып алуға әрекеттенген империалистер мен олардың сыбайластарына, тура Тәуелсіздік соғысындағыдай тарихтағы ең үлкен сабақтардың бірін берді.

15 шілде — ақынның "Ата-бабамыздың айбыны жаһанға мәлім / Табиғат өзгереді деме, бұл қан — тағы да сол қан!" деген жолдарында айтылғандай, бұдан мың жыл бұрын Малазгиртте қаһармандықпен шайқасқандардың, 500 жыл бұрын Стамбул қабырғаларында Сұлтан Фатихтің арманын орындау және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйіншісіне ие болу үшін жаны мен тәнін ортаға салғандардың, жүз жыл бұрын Отан қорғау жолында жанын пида еткендердің сенімі және табандылығымен көше мен алаңдарға жүгірген асыл халқымыздың тарихқа алтын әріптермен жазған ұлы дастаны».

«Халқымыз өз тәуелсіздігі мен болашағын тағы да ешкімге бермеді»

Мақаласында Ердоған көзі қарауытқан террорлық ұйымның тарихта сирек кездесетін опасыздық әрекетіне қарсы аяулы халықты ұлттық ерік-жігерді қорғау үшін алаң мен әуежайларға шақырғанда, бұл жай ғана қарапайым шақыру емес екенін баса айтып, өз ойын былай бөлісті:

«Халқымызға жасаған шақыруымыз біздің ардақты халқымыздың демократиялық парасатына, қырағылығы мен батылдығына деген сеніміміздің көрінісі еді. Біз ата-бабамыздан қалған ең қасиетті мұралардың бірі "Я тәуелсіздік, яки өлім!" ұранын қайта жаңғыртуды мақсат еттік. Халқымыз да өз жаны мен рухын аямай, бұл шақыруға дереу үн қатты. Шүкір, халқымыз бұл сенімді ақтады, өз тәуелсіздігі мен болашағын ешкімге бермеді. Сол түні халқымыз өз еркіне салынбақ болған бұғауды тас-талқан етіп, үстемдік пен опасыздықтың шынжырларын үзіп тастап, Түркияның алдындағы кедергілерді бір-бірлеп қиратты. Сол түні Отанның 253 перзенті шейіттік шәрбатын ішсе, 2 мыңнан астам бауырымыз жараланды. Бұл сандардың әрқайсысы Отанды, байрақты және ұлттық ерікті қорғау жолында көрсетілген жанқиярлықтың, батылдық пен қаһармандықтың жеке-жеке белгісі болып табылады».

«ФЕТО-ның тамырына балта шаптық»

Президент Ердоған: «Өткен он жыл ішінде біз қолы қанға малынған ФЕТО террорлық ұйымымен күресімізді ел ішінде де, халықаралық аренада да зор табандылықпен жалғастырдық», — дей отырып, мыналарды атап өтті:

«Өйткені мемлекетіміздің ішіне еніп кеткен бұл қатерлі ісік жасушасын тазарту және кінәлілердің әділ сот алдында жауап беруін қамтамасыз ету жанын қиған шейіттеріміздің алдындағы біздің ең үлкен борышымыз еді. Бюрократиядан армияға, сот жүйесінен бизнес әлеміне дейінгі барлық салада ФЕТО-ның тамырына балта шаптық. Сонымен қатар ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек мына бір қарапайым шындықты тағы бір мәрте еске салған жөн: бұл 10 жыл бұрын басталып, аяқталған күрес емес. ФЕТО және соған ұқсас астыртын құрылымдардың мемлекетіміз бен халқымызға қайтадан шүйлігуіне жол бермеудің бірден-бір жолы — 15 шілде рухын әрдайым тірі ұстау және бұл сананы келесі ұрпаққа аманаттау».

«Бұл халықтың ең үлкен күші — бірлігі мен ынтымағында»

Опасыз төңкеріс әрекетінен кейін 10 жыл өтсе де, қайғы-қасіреттің алғашқы күндегідей сақталғанын айтқан Ердоған мақаласын былай деп жалғастырды:

«Соған қарамастан біз ФЕТО және басқа да барлық террорлық ошақтармен соғысымызды дәл сондай жігермен және табандылықпен жалғастырып келеміз. 15 шілденің 10 жылдығында бүгінде әлдеқайда қуатты, әлдеқайда табанды және бір-бірімен тығыз біріккен Түркия бар. Бұл топырақта 15 шілде рухы тірі тұрғанда, сатқындардың астыртын жоспарлары мен олардың артындағы жаһандық сценарийшілердің лас ойындары ешқашан жүзеге аспайтынына ешкімнің күмәні болмасын.

Осы орайда сол түнек түнде кеудесін оққа тосып, қараңғылықты сейілткен, ата-бабамыздың аманаты болған және ғасырлар бойы билік құрған бұл топырақты бізге қайтадан Отан еткен барлық шейітімізге Алладан рақым тілеймін. Ардагерлерімізге қайырлы, берекелі де ұзақ ғұмыр тілеймін.

Жаратушы иеміз аяулы халқымызға 15 шілде сияқты опасыздықты қайтып көрсетпесін. Бұл халықтың ең үлкен күші — оның бірлігі, ынтымағы және мың жыл бойы қуаныш пен қайғыда бірге шыңдалған ежелгі бауырластығы. Алла бірлігімізді, ынтымағымызды және бауырластығымызды мәңгілік етсін».

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады