Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі Түркия Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Ерджүмент Татлыоглуның екі ел арасындағы қорғаныс ынтымақтастығын дамыту жөніндегі күш-жігер аясында «TCG İstanbul» фрегатымен Сирияның Латакия уәлаятына барғанын хабарлады.
Татлыоглу дүйсенбі күні делегациясымен Латакияға барды. Оларды портта Сирия Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Мұхаммед әл-Сауд қарсы алды.
Министрліктің мәліметінше, екі қолбасшы Сирия Қарулы күштерін қайта құру мәселелеріне арналған кездесулер өткізді.
Теңіз саласындағы келіссөздер тараптар арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын көрсетті
Сапар барысында делегациялар Латакия әскери портын да аралап көрді. Кездесулерге Түркияның Сириядағы елшісі Нух Йылмаз қатысты.
Бұл сапар екі ел арасындағы үйлестіруді кеңейту және қауіпсіздік мәселелерін талқылау бағытындағы Түркия мен Сирияның қорғаныс саласындағы қарым-қатынасында жаңа қадам болды.
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі бұл ынтымақтастықтың екіжақты байланыстарды нығайтуға және Сирияның әскери құрылымдарын дамытуға бағытталған ауқымды бастамалардың бір бөлігі екенін мәлімдеді.


















