15 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс әрекетінен бері 10 жыл өтті. Сәтсіз аяқталған төңкеріс әрекетінен кейін Фетхуллахшы террор ұйымының мүшелері мемлекеттік мекемелерден алыстатылып, Түркия қауіпсіздіктен дипломатияға дейінгі көптеген салада маңызды өзгерістерді жүзеге асырды.
Мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру мен ықпалдастықтың нәтижелері, алдын алу шараларына негізделген қауіпсіздік саясаты, көпжақты дипломатия, дағдарыс аймақтарындағы белсенді рөл, араағайындық бастамалар, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы күш-жігер және «Түркия ғасыры» тұжырымдамасы аясында қалыптасқан сыртқы саясат бағыты...
«Мақсаттарына жете алмады» атты подкастымыздың бұл бөлімінде 15 шілдеден кейін өзгерген Түркияның сыртқы саясаты мен елдің келешекке арналған стратегиялық көзқарасын «SETA қорының сыртқы саясатты зерттеу жөніндегі директоры, профессор Мурат Йешилташпен бірге талқылаймыз.













