АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы жыл сайын Израильге бөлінетін 3,3 миллиард доллар көлеміндегі әскери көмекті тоқтатуды көздейтін заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдамады.
Республикашыл конгрессмен Томас Мэсси ұсынған заң жобасы Өкілдер палатасының жалпы отырысында дауысқа салынды.
Дауыс беру нәтижесінде 104 депутат заң жобасын қолдап, 314 депутат қарсы дауыс берді. Тағы 10 депутат қалыс қалды.
Республикашылдар арасынан заң жобасын қолдаған жалғыз депутат Томас Мэсси болды. Ал Өкілдер палатасындағы демократтар көшбасшысы Хаким Джеффристің қарсы дауыс беруі назар аудартты.





















