ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Вице-президент Джевдет Йылмаз «FETÖ және соған ұқсас құрылымдарға қарсы әрдайым қырағы болу керек» деген үндеу тастады.
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды» / َAA

Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз 2016 жылғы 15 шілдедегі төңкеріс әрекетіне байланысты: «15 шілдеден кейін өткен он жыл Түркия үшін ауқымды қайта құрылу мен есеп беру кезеңі болды. Мемлекетіміздің барлық құрылымдары басымыздан өткен осы ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алып, өзгерген қауіпсіздік жағдайлары мен жаңа қатерлерге жауап бере алатындай анағұрлым қуатты әлеуетке ие болды», — деген сөздерді қолданды.

2016 жылғы 15 шілдеде Фетхуллахшы Террор Ұйымының мүшелері әскери төңкеріс әрекеті арқылы Түркия Республикасы үкіметін құлатуға тырысты. Төңкерісті ұйымдастырушылар бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, өз қолбасшыларына қарсы шықты және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мен Президенттік кешенді бомбалады; салдарынан 253 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.

Дүйсенбі күні Анкарада “SETA” қоры тарапынан ұйымдастырылған «Он жылдығында 15 шілде» атты симпозиумда сөйлеген сөзінде Джевдет Йылмаз FETÖ туралы айта келіп, «Ол халқымыздың еркімен қалыптасқан заңды саяси құрылымды жоюды, мемлекетіміздің мекемелерін өз иерархиясына бағындыруды және Түркияның болашағына халықтың орнына ұйымның еркімен бағыт-бағдар беруді мақсат етті», — деді.

Йылмаз Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бомбалануы, Президенттік кешеннің және тікелей президент Режеп Тайып Ердоғанның нысанаға алынуы, сондай-ақ қауіпсіздік мекемелеріне жасалған шабуылдар FETÖ -нің түпкі мақсаты не болғанын ашық көрсеткенін тілге тиек етті.

«Қырағы болуымыз керек»

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен түрік халқы көрсеткен тарихи табандылық бұл арам пиғылды бұзғанын, мемлекет өміріндегі заңдылықтың бірден-бір қайнар көзі халықтың еркі екендігін ешқандай күмән келтірмейтіндей етіп тағы бір мәрте растағанын білдірген Йылмаз: «Бүгінде мемлекетіміз төніп тұрған қатерлерге тек бір сәтке жауап қату деңгейінен асып түсіп, қауіп-қатерлерді алдын ала талдайтын, қажетті шараларды дер кезінде қабылдайтын және дағдарыстарды тиімді басқара алатын қуатты институционалдық әлеуетке ие болды. Бұл тәжірибе Түркияның өз аймағында өз мойнына алған жауапкершіліктерін де күшейте түседі», — деді.

«FETÖ кетті, бірақ оған ұқсас құрылымдар тұрғысынан өте сақ болуымыз керек» деген Йылмаз: «Халықаралық аренада FETÖ -мен күрес жүргізу бағытында біздің мойнымызда өте маңызды жауапкершілік бар деп сенемін. Бұл тәжірибемізді дос, бауырлас елдермен міндетті түрде бөлісуіміз керек. Түркия бұл сынақты басынан өткерді, басқалар мұны басынан өткермесін, Түркияның тәжірибесінен үйренсін», — деген баға берді.

Йылмаз сөзінің соңында террордың біржолата жойылуы, қазіргі таңда жалғасып жатқан «Террорсыз Түркия» процесін қоса алғанда, демократияны, дамуды және аймақтық қауіпсіздікті нығайта түсетінін атап өтті.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы