Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің (DSNS) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.
Мәлімдемеде Ресейдің түнгі уақытта Киевке әуе шабуылын жасағаны айтылды.
Сондай-ақ шабуылдан зардап шеккен аумақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны атап өтілді.
Мәлімдемеге сәйкес, қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен. Сонымен қатар DSNS құтқарушылары 34 адамды құтқарып қалған.
Киев қаласының мэрі Виталий Кличко да әлеуметтік желідегі парақшасында шабуыл салдарынан жараланғандар санының 86 адамға жеткенін мәлімдеді.
Кличко бұған дейін таңертең ерте жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Киевке түн ортасынан бастап шабуыл жасай бастағанын хабарлаған болатын.
Оның айтуынша, қалаға зымырандар мен қаруланған ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) ұшырылған. Соның салдарынан қаланың әртүрлі ауданданындағы тұрғын үйлер мен ғимараттар зақымданған.





















