САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина: «Ресейдің әуе шабуылдарынан 4 адам қаза тапты»
Одесса портында азаматтық кемеге соққы жасалғаны хабарланды.
Украина: «Ресейдің әуе шабуылдарынан 4 адам қаза тапты»
Ресейдің Донецк пен Сумыға жасаған әуе шабуылдарынан 4 адам қаза тапты

Кеше түнде Ресей армиясының Украинаның түрлі аймақтарына жасаған әуе шабуылдарынан 4 адам қаза тапты.

Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі таратқан жазбаша мәлімдемеде Ресейдің түнгі уақытта ел аумағына әуеден шабуылдағаны  айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, Донецк облысына жасалған шабуылда 2 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

Сондай-ақ Ресей күштерінің Сумы қаласын нысанаға алғаны, бұл шабуыл салдарынан 2 адамның қаза тауып, 1 адамның жараланғаны хабарланды.

Того туы ілінген азаматтық кемеге жасалған шабуылдан 4 адам жараланды

Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей армиясының түнде аймақтағы порт инфрақұрылымына әуе шабуылын жасағанын мәлімдеді.

Кипер шабуыл салдарынан порттағы кеменің зақымданғанын айтып, «Того Республикасының туымен жүрген азаматтық кеме зақымданды. Өкінішке қарай, 4 адам жараланды. Олардың үшеуі ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы ауыр», – деді.

Ресей армиясы 128 дронмен шабуыл жасады

Украина Әуе күштері қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесінде Ресей армиясының кеше түнде Украинаның түрлі аймақтарына 128 дрон ұшырғаны айтылды. Оның 106-сы залалсыздандырылған.

Іздеу
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды