САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылдарынан басталған соғыста Иранның жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ол Иранның соғыста жеңіске жеткенін басқа елдердің өкілдері де мойындағанын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи

Иранның ресми «IRNA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Аракчи Денсаулық сақтау министрлігінде өткен салтанатты жиында сөз сөйледі.

Аракчи АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан басталған соғыста Иранның өзін «жеңілмейтін күш» екенін дәлелдегенін айтып, «Басқа елдердің ресми өкілдерінен «ирандықтар үлкен жетістікке жетіп, бүкіл әлемді таңғалдырды» деген сөздерді талай рет естідім. Ешкім Иранның АҚШ-қа осылай қарсы тұра алатынын және қарсыласын келіссөз сұрауға мәжбүрлейтінін күтпеді», - деді.

Аракчи АҚШ президенті Дональд Трамптың соғыс басында Иранды «сөзсіз берілуге» шақырғанын еске салып, «Арадан 20 күн өткеннен кейін қарсылас өзі келіссөз жүргізуді сұрай бастады», – деді.

«Иран халқы дипломатия саласында да өз құқықтарын қалай қорғай алатынын көрсетті. Мұны түрлі елдердің ресми өкілдерінен естідім. Олар бізге: «Сіздер соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттіңіздер дейді», – деп түйіндеді Аракчи.

Іздеу
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түркия Колумбияға көңіл айтты
Түркияда терроризмді тоқтатуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте талқылана бастады
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды
Израиль жаралаған 13 жастағы палестиналық қыз көз жұмды
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Ұлыбритания экологиялық таза көлік технологияларын дамытуға 175 миллион доллар бөледі
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Украина Татарстан Республикасына дронмен шабуылдады
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»