САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иранның АҚШ-пен келіссөздерде Джей Ди Вэнсті таңдағаны алға тартылды
Өңірлік дереккөздер «CNN»-ге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің соғысты тоқтатуға анағұрлым ынталы екенін жеткізді.
Иранның АҚШ-пен келіссөздерде Джей Ди Вэнсті таңдағаны алға тартылды
Иранның АҚШ-пен келіссөздерде Джей Ди Вэнсті таңдағаны алға тартылды / Reuters
25 Наурыз 2026

Сейсенбі күні жарияланған мәліметке сәйкес, Иран Трамп әкімшілігіне басқа жоғары лауазымды тұлғалардың орнына АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен келіссөз жүргізуді жөн көретінін жеткізген.

«CNN» екі өңірлік дереккөзге сілтеме жасап, ирандық өкілдердің бұған дейінгі келіссөздердің АҚШ–Израиль әскери операциясынан кейін қалыптасқан сенімсіздік салдарынан арнайы өкіл Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен қайта кездескісі келмейтінін мәлімдегенін хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, Вэнстің соғысты тоқтатуға көбірек ұмтылатыны туралы пікір қалыптасқан. Бір дереккөз оның қақтығысты аяқтауға ниетті екені туралы пікір қалыптасқанын айтты.

Ал екінші дереккөз «Әкімшілік кіммен келіссөз жүргізуді шешсе де, Иран сол адаммен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ бұл олардың таңдауы жоқ дегенді білдірмейді», – деді.

Сондай-ақ осы апта соңында Исламабадта кездесу өткізу мүмкіндігі әлі де қарастырылып жатқаны, алайда оның жүзеге асуына қатысты күмән бар екені айтылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеп, Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Уиткофф және Кушнердің дипломатиялық үдеріске қатысып жатқанын жеткізді.

ҚатыстыТрамп Иранмен келіссөздердің “өте жақсы” өткенін айтты - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Сондай-ақ АҚШ-тың Пәкістан арқылы Иранға 15 тармақтан тұратын соғысты тоқтату жоспарын жолдағаны хабарланды. Бұл жоспар Тегеранның ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламаларына, сондай-ақ Ормуз бұғазындағы теңіз қауіпсіздігіне қатысты қадамдарды қамтиды.

Иран билігі дос елдер арқылы АҚШ-тан келіссөз бастау туралы ұсыныс алғанын, бірақ Вашингтонмен тікелей байланыс орнатпағанын мәлімдеді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпаннан бері Иранға әуе шабуылдарын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытқа дейін 1340-тан астам адам қаза тапқан.

ҚатыстыИранға қарсы жасалған шабуыл нені білдіреді? - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
"Бушер ядролық станциясы АҚШ-Израиль шабуылына ұшырады"
Иран газ нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады
Техастағы «Valero» мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды
Газада геноцид жүргізу барысында Израиль экономикасы 57 миллиард доллар шығынға ұшырады
Колумбияда әскери ұшақ апатынан кемінде 66 адам қаза тапты
Иранда экологиялық қауіп тереңдеді
Израиль Бейруттың оңтүстігіне соққы берді
Иран Парсы шығанағы су айдынына мина орналастырамын деп қорқытты
Вашингтон Иранмен соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екенін мәлімдеді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 палестиналықты қамауға алды
Ким Чен Ын Мемлекеттік істер комиссиясының төрағасы ретінде қайта сайланды
Нью- Йорктың LaGuardia әуежайында апат: екі ұшқыш қаза тапты
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Израиль Тегеранға шабуылдады
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді